Архив – тарих сақтаушы
Бүгінгі күні Меркі аудандық мемлекеттік архивінде 190 қор 1932 жылдан 2016 жылға дейінгі 190 мекеменің құжаттары сақтаулы тұр.
Аталған құжаттар мекемелердің, кәсіпорындардың бұрынғы колхоз совхоздардың құжаттары. Аталған құжаттарды қолыңа алып зерделей отырып кешегі күнге құжаттармен бірге тарихқа еніп кетесің. Иә, бұл құжаттар баға жетпес құндылық. Еліміздің, өңіріміздің тарихы. Өңірімізді гүлдендіруге, экономикасын, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды өркендетуге зор үлес қосқан ерекше түлғалармен зиялы қауым өкілдері туралы жазылған құжаттар. Архив қорларында сонымен қатар алғашқы завод фабрикалардың ірге тасы қаланғаны, ондағы жұмысшылардың, алған жалақылары, өндірген өнімдерінің мөлшері тағы басқа құжаттары сақтаулы тұр. Алғашқы колхоздасдыру жылдарындағы ауыл шаруашылық саласының еңбеккерлері мен ҰОС жылдарындағы Меркі халқының тыныс тіршілігі жөніндегі құжаттарды қолыңа алып отырып сарғайған парақтардың талай адамдардың өмірінен сыр шертетініне тамсана қарайсың. Аталған құжаттарды саралай, зерделей отырып Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы Қазақстан Республикасының жаңа тарихын жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлде қашан келгенін айтқан еді. Сондай-ақ «Архив-2025» кешенді жоспар аясында ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар құнды құжаттардың көшірмелері алдағы уақытта цифрлық форматқа көшіріліп, тарихшылармен бірлесіп зерттейтін ғылыми айналымға енгізіледі делінген.
Сонымен қатар құжаттарды электронды тізімге енгізу, іздестірудің жаңартылған жүйесін қалыптастыру, көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтау, түп нұсқаларды келешек ұрпаққа жеткізу бағытында жасалған жоспар бойынша бүгінгі күні Меркі аудандық мемлекеттік архиві жұмыстар жүргізуде Бұл әрине үлкен ауқымды жұмыс және үлкен жауапкершелікті жүктейді «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы қабылданған. Аталған заң ел тарихындағы алғашқы архив заңының тұжырымдамалық құрамдас бөлігі үш бірдей міндетті шешуге бағытталған. Олар:
- Қазақстан Респуликасының Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау;
- Олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік, қоғамның және азаматтардың мүдделеріне пайдалану, яғни туған өлке тарихына қызуғышылар мен зертеушілерге үлкен мүмкіндіктер туатыны анық. Осы бағытта аудандық архив тарапынан арнайы іс шара жоспары жоспарланып тарихқа қызығушылар тарапынан арнайы іс шара өткізілді. «Архив және болашақ ұрпақ» іс шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатыстырылды. Онда жас тарихшылар тарапынан ғылыми жұмыстары тарапқа салынды. Сонымен қатар архивист мамандығын насихаттау мақсатындағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары арнайы экскурсия ұйымдастырылды, халықта «өткенді білмесең болашағыңды болжай алмайсың» деген нақылсөз бар. Яғни өткен тарихынды білу маңызды әрі міндетті.
Архивтің өзінің тарихына бір мезет үңілсек, «Архив» термині ежелгі грек тілінен «билік орны» деп аударылады екен. Яғни архивтерде сақталатын құжаттарға мемлекеттің шежіресі көрініс тапқаны анық. Сонымен қатар аталған құжаттар белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық ретінде танылған халықтың тарихи-мәдени мұрасы болып қалары белгілі.
Р.Жантаев,
аудандық мемлекеттік архив қоры мекемесінің директоры