Дала өртінен сақтану шаралары пысықталды
Бүгін Меркі ауданы аумағында жазғы өрт қауіпті кезең басталуына орай, дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттің таралуына тосқауыл қою мақсатында оқу-тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, №9 өрт сөндуру бөлімінің, орман шаруашылығының техникалары мен жасақтары, сонымен қатар, ауылдық округтерден құралған ерікті жасақтардың мүшелері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу жұмыстарына аудан әкімдігінің ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы Ұлан Жұматаев, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев, Жамбыл облысы Өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Жанкулиев,
Төтенше Жағдайды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Асқаров, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Даримкулов Қанат қатысып, аталған жасақтардың дала өрттерінен туындаған төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.
Оқу-жаттығу шараларына 5 жеңіл автокөлік 5 МТЗ-80 трактор соқасымен, 3 өрт сөндіру автокөлігі, Өрт сөндіру көліктері жасақталып, 82 ерікті өрт сөндірушілер қатысты. Бөлімдердің техникалары мен өртке қарсы күштердің дайындықтары жоғары деңгейде өтті деген баға берілді.
«Меркі Ақиқат»