Омарташылық олжалы іс
Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы. Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын үйренеді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай біледі.
Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғаты маған ұнайды. Әсіресе, бал арасының тіршілігі қызықтырады. Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік-аралар.
Балды, бал араларын халқымыз ежелден білген екен. Ресми түрде елімізде бал араларын ұстау 1786 жылдан басталады. Омарташылық Жетісу өлкесінде тарапты.
90-жылдарға дейін Қазақстанда 400 мыңға жуық ара омартасы болыпты. Еліміз жыл сайын Жапонияға, Оңтүстік Кореяға тағы да басқа елдерге сапалы бал жіберіп отырған екен. Қазіргі кезде балдың 80 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Ұлан, Күршім, Шемонаиха, Катон-Қарағай, Уржар, Көкпекті, аудандарында омарталар өте көп.
Меркі ауданындағы омарташылық шаруа қожалық ол жеке кәсіпкерлік жұмыс болып саналады. Ауданымызда 52 омарташылық шаруа қожалық бар. Соның 2022жылда 8 омарташылық шаруа қожалық үкімет тарапынан жеңілдетілген субсидия алды. Олар: Меркі, Ойтал, Рыскұлов ауылдық округінде.
Бал арасыны өмір тіршілігі жайында омарташы Кудинов Игор Ивановичпен бірге шаруа қожалығының басында әңгіме дүкен құрдым. Көптеген қызықты мағлұматтар алдым.
Аналық аралар. Қалыпты отбасында бір тұқымдық аналық ара болады. Оның ұрықтылығы мен салынып ұрықтанған жұмыртқалар арқылы ұрпағына берілетін нәсіл қуалау қасиеттері едөуір дәрежеде отбасының жетілу сипатына және өнімділігіне байланысты.
Міне, сондықтан да отбасыларын жас мол өнімді аналықтармен камтамасыз ету-аралардың балды жинауы және энтомофильдық, ауыл шаруашылық дақылдарын аралармен тиімді тозаңдандыру үшін шешуші мәні бар. Аралар- ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара болып үш топқа бөлінеді.
Бал арасы ең алдымен бал береді. Қағаз, тоқыма өнеркәсібіне қажетті балауыз да – осы бал арасы еңбегінің нәтижесі. Бал – көп ауруға шипа. Сол сияқты араның шаққаны – ревматизм сияқты ауруларға таптырмайтын ем. Ол гүлдерді тозаңдандырады, ондағы шаң-тозаңды тазалап кетеді, сондықтан да араны «қанатты агротехник» дейді мамандар. Бал арасы – гүлге қонуға жаны құмар жәндік. 1 келі бал жинау үшін 19 миллион гүлдерге қонуы керек. Гүлдердің нектарын жинау үшін ара сағатына 6,5 шақырым жылдамдықпен ұшады.
Балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында жергілікті дәрігермен әңгіме жүргіздім. Мынадай мағлұматтар алдым: Бал бала ағзасын түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, қан құрамындағы гемоглабин процесін арттырады. Бірақ бал балалар мен ересек адамдарда әртүрлі аллергияның себебі болуы мүмкін.
«Нұрай» білім беру орталығының 4 «А» сынып оқушысы Аблез Ғазиз
Жетекшісі: Г.Отарбаева