Меркіліктер оза шапты

0
119

2022 жылдың көктемінде Бертіс Дүйсенбекұлының демеушілігімен өткен JKL VII көкпар ойынында Меркіден келген «Ақтоған» командасы 1-орынды иеленген. Сол жеңісіне басқа командалар күман келтіріп, өздерінің аттарының нашар болғандығын, жарыс аяқ асты болып шабандоздарының дайын болмағандығын айта жүрді. Дәл сол күмәнді жою үшін күзгі JKL VIII жарысын 2 ай бұрын ерте жариялап дәл сол командаларды жақсы аттарымен, дайындалған шабандоздарымен Алматы төрінде тағы жарыс өткізілді. Жеребе бойынша бірінші ойынды «Ақтоған» командасы «Майлыкент» командасын 14:2 есебімен жеңіп алды. Екінші ойында Қарағандыдан келген «Тұран-Ел» командасы Алматылық «Дәукей көкпар клубын» 9:6 есебімен жеңді. Өзара ойында «Дуәкей көкпар командасы» «Майлыкент» командасын жеңіп, 3-орынды иеленді.
Ал финалда Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылынан келген шабандоздар Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген Қарағанды облысының атынан келген «Тұран-Ел» командасын 9:0 есебімен ойсырата ұтып, күмәнданып жүргендерге өздерінің нағыз чемпион екендігін дәлелдеді! Команда құрамында намысты батырлар команда капитаны Әптиекбаев Ерсұлтан Дуказбанұлы, Жақсылықов Руслан Нұржанұлы, Төтенов Елдар Асанұлы, Құлсары Есіркеп Жарылқасынұлы өнер көрсетіп, республиканың екі дүркін чемпионы атанды.

Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.