Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты мақаласы

0
11

Қазақстанның қазіргі даму бағыттарын айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған нақты бастамаларды ұсынады. Президент мақаласында ел экономикасының стратегиялық салаларын нығайтуға ерекше көңіл бөлген. Мұнай-газ және машина жасау салаларын дамыту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ энергетика саласындағы «жасыл энергетикаға» бет бұру секілді бастамалар еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, әсіресе, ауылдық аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мен мектептер салу секілді жобалар, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі маңызды цифрлы хабқа айналдыру мақсаты стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі заман талабына сай. Бұл бастамалар Қазақстанның жаһандық инновациялардан қалыспауын қамтамасыз етеді.

Жалпы, бұл мақала елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындап, егемендікті нығайтуға бағытталған нақты әрі салмақты жоспарларды көрсетеді. Президенттің ұсынған бастамалары тұрақты дамуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Казыбек Камал,

Меркі медиа орталығының директоры

Comments are closed.