«ОТБАСЫ — ӨМІР ӨЗЕГІ»

📌 Адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі – отбасы. Осы орайда отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы сыйластық пен татулықты нығайту мақсатында кездесу өтті.
📌Кездесу барысында № 6 ЖОББМ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қожайбаева қатысып, отбасының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі, өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызы жөнінде ой-пікірлер айтып өтті. Қатысушылар отбасы – адамға күш-қуат беретін, қуанышы мен қиындығын бірге бөлісетін ең жақын орта екенін атап өтіп, өз ойларымен бөлісті.
📍Береке мен бірліктің бастауы – отбасы. Отбасы берік болса, қоғам да берік! ❤️


















