Әскери қызмет – абыройлы міндет
Әскери қызмет қызық пен қиындыққа толы. Еліміздің тыныштығын қамтамасыз етіп отырған ел қорғаушыларының еңбегі әрқашан бағаланады, біз оларды құрмет және мақтаныш тұтамыз.
Меркі ауданы бауырлас елмен шекарада орналасқандықтан ауданда екі бірдей әскери бөлім қызмет етеді. Біз аудан аумағында әскери қызмет ететін ел ішінде, өз арамызда жүрген батырларымыз, қорғандарымыз туралы арнайы айдар ашып, тұрақты мақала жазып отыруды жөн көрдік.
Қазір жастар әскер қатарына баруға ниет танытпайды. Әскери қызметке жастарды тарту мақсатында биыл ел Президентінің ұсынысымен әскери қызмет атқарған азаматтар кез келген универсиетке жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің алдағы жылы жалақылары 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдаған болатын. Десек те осы салада қызмет жасауға құлшыныс танытып, өмірлік несібесін әскери салада көруді мақсат тұтқан жастар да жоқ емес.
11947 әскери бөлімінің лейтенанты Абылханов Ернат Ерзатұлы әскери қыз-
метін абыроймен, үлкен жауапкершілікпен атқарып, «Үздік командир» атанған. Ол 2000 жылы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында дүниеге келген.
Әкесі Санке Ерзат Абылханұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қатысты Аягөз гарнизонындағы 10181 әскери бөлімінде келісім шарт бойынша әскери қызметші болып көп жылдар қызмет атқарған. Ернатты әкесі еңбекке және отансүйгіштікке бала кезінен баулып, қатаң «әскери тәртіппен өсіреді. Өзі сияқты ұрпағының да әскери салада қызмет атқарғанын қалаған. Ернат Ерзатұлы әке үмітін ақтау үшін 2015 жылы Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан «Арыстан» мамандандырылған лицейіне түсіп, әскери өмірге алғашқы қадамын жасады. Лицейді аяқтаған соң 2018 жылы Құрлық Әскерлерінің Әскери Институтына түскен. Қазір бұл институт Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық Әскерлерінің Әскери Институты деп аталады. Аталған оқу орнын 2022 жылы шілде айында тәмәмдап, Қорғаныс Министрінің 02.07.2022 жылғы №131 бұйрығымен лейтенант шенін алып, 2022 жылдың 8-ші тамыз айынан бастап «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Жамбыл облысы, Меркі ауданында орналасқан 11971 әскери бөлімінің Минаатқыштар батареясының, басқарма взводының командирі лауазымына тағайындалған.
Ернат Ерзатұлы бала кезінен ұшқыр, жылдам, жаны спортқа жақын болып өседі. Оның сүйікті істері де көп. Спортпен тыңғылықты айналысады. Әскери қызмет оның өмірлік жинаған тәжірибесін шыңдап, өзін шымыр етті. Өйткені әскери қызмет әлсіздердің әлемі емес. Өзін жоғары оқу орында тек жақсы жақтарымен көрсете білген ол енді аудандағы әскери бөлімде де белсенді қызмет атқаруда. Жас сарбаздарды тәрбиелеп, өзінің білім, біліктілігімен бөлісуде. Қазіргі таңда «Үздік взвод командирі».
Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақтиқат»