АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

0
4

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. Бүгін аудан басшысы Сұрат және Жаңатоған ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ округ аумағында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Атап айтқанда, Аққайнар және Тескентоған ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Сұрат ауылында балалар ойын алаңы орнатылды.

Одан кейін аудан әкімі Жаңатоған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округте атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сөз болды. Қостоған ауылындағы Тойлыбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, Құлбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы жарықтандырылды. Мыңқазан ауылындағы Жамансартов және Ынтымақ көшелеріне түнгі жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар ауылдағы кіші футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Comments are closed.