ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Меркі ауданындағы білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілуде.
Осы бағыттағы кезекті жиын 7 қазан күні Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес №28 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.
Жиналысқа аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Қ. Шырышбаева, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі А. Макаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Метеркулова, ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Д. Омарова, аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Қ. Зеткулов және аудандық Салауатты өмір салты орталығының дәрігері Х. Адешова қатысты.
Кездесуде ата-аналар мен 8–11-сынып оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

















