ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

0
4

6 қазан күні Меркі ауданы білім бөліміне қарасты Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заң мен тәртіп – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиынға аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері қатысты. Атап айтқанда, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Қ. Шырышбаева, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі А. Макаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Метеркулова, ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Д. Омарова, аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Қ. Зеткулов және аудандық Салауатты өмір салты орталығының дәрігері Х. Адешова қатысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Comments are closed.