Республика чемпионы
Биылғы жылдың 17-23 ақпан аралығында Шымкент қаласында бокстан 2001-2002ж.т. жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Бұл чемпионатқа Республика бойынша 198 боксшы қатысты. Жамбыл облысы құрама командасының сапында Меркі ауданынан 56 келі салмақта Б. Жексен және 69 келі салмақта Н.Нүсіпбек өнер көрсетті. Меркі ауданының түлегі, спорт шебері Б.Жексен бес кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетіп, жүлделі бірінші орынға ие болды.
Бұл жарыс негізінде, Қазақстан құрама командасын жасақтау және ү.ж. 9-19 қараша аралығында Монғолия мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына боксшыларды іріктеу үшін өткізіледі. Осы жарыстың жеңімпазы Б.Жексеннің әрдайым биіктен көріне беруіне тілектеспіз.
Б. Шымырбай,
№17 бокстан БЖСМ аға жаттықтырушысы