Тоғызқұмалақ–ойшылдар ойыны

0
2386

Жалпы ауданымызда ұлттық ат ойындарына, бүркітшілер мен саятшылыққа, тазы жүгіртіп, көкпар тартуға, асық ату т.б. бір сөзбен айтқан да ұлттық ойындарымызға ерекше мән беріліп келеді. Солардың бірі тоғыз-
құмалақ. Бұл ойшылдар ойынында да меркіліктер байрақты бәсекенің көрігін қыздырып, өз ойын өрнектерін көрсетіп, шеберліктерін арттырып келеді.

Өткен қаңтар айының соңына таман Тараз қаласындағы «Гамбит» шахмат клубында 9 команда, 84 спортшы қатысқан облыстық чемпионатта Меркі ауданының тоғызқұмалақшылары Тараз қаласының командасынан кейін екінші, аудандар арасында бірінші орынды нық иеленіп, өздерінің кез-келген командамен  иық тірестіре алатындықтарын дәлелдеді. Ал әйелдер арасында меркілік ару спортшылар алдыға Т.Рысқұлов ауданын ғана жіберіп, мұнда да екінші – күміс жүлдені олжалады.

Comments are closed.