Жанеля, жарайсың!
Меркімізде талай-талай дарынды жастарымыз республика көлеміндегі байрақты бәсекелерде топ жарып, оза шауып жеңіс биігінен көрініп келеді.
Солардың бірі, әрі бірегейі десе болатын жұлдызды жүйрігіміз ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Бөбек» орталығында өткен ғылыми жобалар бәсекесінде сынға түсіп жамбылдық бес алтын жүлде алған №17 мектеп-
гимназияның 11-сынып оқушысы Жанеля Қадырқұлова.
Жалпы 60-қа жуық әулиеаталық жас түлектер бес алтын, екі күміс, он жеті қола медальды жеңіп алып, командалық «Екі үздік команда – 2019» атағын жеңіп алып, осымен жетінші жыл қатарынан маңдайлары жарқырап, топ жарып, доданың бас жүлдесін иеленіп отыр.