Салт дәстүрім – сарқылмас қазынам

0
540

Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі оқушылар “Үміт”сарайында “Салт дәстүрім – сарқылмас қазынам” атты аудан мектептерінің арасында аудандық байқау болып өтті.
Алғыс айту күнінен бастау алып, көркем мереке 8 наурыз және Ұлыстың Ұлы күнімен жалғасын тапқан Наурыз айы -мерекелі ай. Наурыз бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Дәл осы мереке қарсаңында қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет -ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру – баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, рухани байлығын игеру, ұлттық дәстүрлерден үлгі алуға баулу.
Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған байқау, таныстыру, салт -дәстүр тәрбиенің негізі, өнерліге өріс кең, ас – адамның арқауы сияқты кезеңдерден тұрды.
Байқауға 16 мектеп түлектері қатысып, озып шыққандар қазылар алқасының арнайы дипломдармен марапатталды.

Әсем Әділбаева,
Штаттан тыс тілші

Comments are closed.