Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет

0
84

Ынтымағы жарасқан, ырысы ортаймаған берекелі қоғамның сипаты, ең алдымен еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін азаматтарға жасалған қамқорлықтан көрінетіні анық. Бұл ретте «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» деп білетін, қазақы қалпымыздан айнымаған қоғамымыздағы адамды қадірлеу қашаннан келе жатқан мызғымас, берік салт дәстүріміз.
Осы орайда мектебіміз үшін еңбек етіп жүрген, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бегалиева Жамал апамыз туралы әңгіме етпекпін. Еңбек десе ішкен асын жерге қоятын апамыз, мектепте қамқоршылық кеңесінің жұмысын белсене жүргізіп, мектептің қайнаған іс-шараларына белсене ат салысып, әрбіріне қатысып отырады. Қайырымдылық акцияларының басында жүріп, түрлі санаттағы отбасы балаларына оқу құралдарына, мектеп формалары т.б. қажетті заттарға демеушілікті ұйымдастырып отырады. Әсіресе, жаңа жыл мерекесі, наурыз, балалар күні мерекесінде сыйлықтар ұйымдастырып, балаларды қуанту ол кісінің дағдысына айналған.
Балалар үшін жасалған мерекелерде өз демеушілігін көрсетіп, сыйлықтар таратып, балалармен балаша мәз болып ортасында жүруге тырысады. «Ерінбей еңбек еткен жан, нанын алаңсыз жейді» деп үнемі айтып, ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту барасында жұмыс жасап келеді. Ата-ана, бала және мектеп үштік одақ үшін жұмысын ұйымдастыруда қамқоршылық кеңесінің алар үлесі үлкен. Демеушілермен жұмысты ұйымдастырып отырған қамқоршылық кеңесінің төрайымына, қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне айтар алғысымыз шексіз.

К.Н.Кулажанова,
№35 жоббм директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Comments are closed.