«Жолда қабылдау» акциясы өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі нұсқауына сәйкес ,аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен 5-6 сәуір күндері аудан орталығында «Жолда қабылдау» акциясы өтті.Акцияға аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы,полиция полковнигі Н. А. Ахмедов, ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары , полиция полковнигі А.С.Мукаев, әкімшілік –практика тобы инспекторы, капитан, Б.М.Маймор, Жол-техникалық инспекциялық тобы мемлекеттік автоинспекторы, полиция капитаны А. Е. Арзанбаев, Меркі аудандық полиция бөлімінің тіркеу емтихан тобының аға автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Ж. Ж. Қалысбаев, аудандық полиция бөлімінің лицензия –рұқсат беру жүйесі тобының аға инспекторы Е.А. Оспанов қатысып , аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету тұрғысында акция аясында аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан орталығында, үлкен жолдың бойында, ашық аспанда өткізілген акцияның негізгі мақсаты түрлі мәселелер бойынша қайырылған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Оның ішінде көші-қон заңнамасының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөлікті тіркеу, жүргізуші күәліктерін беру, төл құжаттар мен жеке күәліктер, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, әкімшілік-құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу және т. б. туындаған сұрақтарға заң тұрғысынан жауап беру.
Осы мәселелер бойынша көптеген аудан тұрғындары жауапты қызметкерлерге өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар беріп, тиісті жауаптарын алды. Мысалы, Жамбыл ауылындағы Смағұлов көшесінің тұрғындары көшенің жарықтандырылмауы, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі туралы екі жылдан бері айтылып келе жатқандығы туралы айтса, қару-жарақты тіркеу туралы, айыппұл төлегенде 50 пайыздық жеңілдік алу үшін қанша күнде қайырылу керек, жүргізушілік күәлігін қалай алуға болады? деген сияқты сұрақтармен қайырылған тұрғындарға толыққанды түсіндірілді.