«Ұлттық жоба“ бағдарламасы орындалуда
Президент Қ.Тоқаев халықты жұмыспен қамту, әл-ауқатын көтеру мәселелерін басты назарда ұстауда. Осы орайда түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Ауданда жұмыспен қамту орталығында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жұмыстар тыңғылықты атқарылуда. Жобаның іске асырылу барысын білу үшін осы бөлімнің басшысы Ербол Дүйсебаевпен сұхбат жүргіздік.
– Ербол Кәрібайұлы, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі қандай деңгейде жүруде?
Бүгінгі күнге біздің бөлімге 1146 адам жұмыс іздеп, қайырылды. Біз әрдайым аудандағы кәсіпкерлік нысандар, жұмыс берушілермен тығыз байланыста жұмыс жасап, бос жұмыс орындарының тізбесін апта сайын жаңартып отырамыз. Осы қайырылған адамдардың ішінде қазіргі күнде 832 азамат жұмыспен қамтылып отыр.
Оның ішінде бос жұмыс орындарына-376, әлеуметтік жұмыс орнына-97, жастар тәжірибесіне-28, ақылы қоғамдық жұмысқа-319, қайтарымсыз грант-12 адамдар жіберілді.
2022 жылы «Ұлттық жоба» бағдарламасына жалпы 397688 млн.теңге бөлінсе, оның ішінде республикалық бюджеттен 85810,0 млн.теңге, обл.бюджеттен 23893,0 млн.теңге, аудандық жергілікті бюджеттен 287985,0 млн.теңге бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға 4020 адамды қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде ТиПо-99, қысқа мерзімді оқытуға-170, электрондық еңбек биржасы бойынша оқытуға-76, бастау бизнеске-400, грант-253, бос жұмыс орындарына-2113, әлеуметтік жұмыс орнына-95, жастар тәжірибесіне-160, ақылы қоғамдық жұмысқа-620, алғашқы жұмыс орнына -10, ұрпақтар келісімшартына -2, күміс жас-22 қамтылуы тиіс.
Алғашқы жұмыс орнына былтырғы жылы 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. 2 адамды «Айсұлу» ЖШС-не, 3 адамды «Нұрай» балабақшасына орналастырдық, ал осы жылы бағдарлама аясында 10 адам жоспарланып отыр. Маусым айында өтінім берген мекемелерге осы он азаматты жұмысқа жолдайтын боламыз.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту үшін «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» атты бағдарламалар да іске асырылуда. Жалпы осы бағдарламалар арқылы 24 адамның кәсіп ашуына мүмкіндік туып отыр. Алайда қазіргі таңға қаражаттар бөлінген жоқ. Қаражат күтудеміз.
Осы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіби оқуға 170 адам жоспарланып, 130 азамат «Калысбаев» ЖК, «Айсұлу» ЖШС, «Оқу орталығы» ЖК, «Отан» ЖШС оқу орындарында 11 мамандықтар (шаштараз, маникюр, киім пішуші, кондитер, 1с бухгалтерия, программист, газбен дәнекерлеуші, автожүргізуші В1, С1, машина ісінің шебері, массажист, темір өңдеуші мамандықтары бойынша оқыту осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Аталған оқыту орындары оқыту мерзімдері аяқталғанннан кейін бітірушілерді мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге келісім беріп отыр.
– Ербол Кәрібайұлы, аудандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін жылда жеңілдетілген, шағын несие, қайтарамсыз грант беріліп, жастарға, көпбалалы аналарға кәсібін бастауға мемлекеттен көмек жасалушы еді. Биылғы жылы осы бағытта қандай көмектер бар?
– Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 жылға шағын несие бойынша 108 адамға 468,2 млн.теңге жоспарланып, 108 азаматқа 468,2 млн.теңге беріліп, жоспар 100,0% орындалды. Ал, биылғы жылға тиісті ереженің әлі дайын болмауына байланысты шағын несие бойынша жоспар берілмеді.
2022 жылға қайтарымсыз грантқа 253 адамға 309,9 млн.теңге жоспарланып, бүгінгі күнге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес 12 адамға 14,7 млн.теңге берілді. Қалған 241 адамға 295,2 млн.теңге аталған қағидаларға қайта өзгеріс енгізілуіне байланысты толық дайын болған кезде берілетін болады. Аталған грант 29 жасқа дейінгі 182 жасқа (222,9 млн.теңге), көпбалалы отбасы мүшелеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылар мен мүгедек бала бағатын және жұмысқа жарамды мүгедек 71 адамға (87,0 млн.теңге) берілетін болады.
Ал, әлеуметтік жұмыс орнына берілген жоспар 95 болса, қазіргі күнге 21 мекемемен келісім-шарт арқылы 97 адам жолдамамен жолданды. Оның ішінен 2-адам тұрақты жұмысқа орналасса, 4 адам отбасылық жағдайларына байланысты өз еріктерімен жұмыстан шықты.
– Жұмыспен қамту мәселесінде аудан жастары «бізде жұмыс орындары тапшы» деп жатады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталсаңыз.
Бұл бағытта «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқаруда. Аталған жоба аясында 160 адам жоспарланса, бүгінгі күнге 28 жастар аудандағы 18 мекемеге жолдамамен жолданды. Жылдағы тәжірибеге сәйкес маусым-шілде айларында жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіргендер келуіне байланысты жыл соңына дейін жоспар толық орындалатын болады.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа 280 адам жоспарланып, қазіргі күнде 319 адам ауылдық округтерге жолдамамен жолданды
Жыл басынан пробация бойынша орталыққа 26 адам қайырылып, оның 9-ы тұрақты жұмысқа, 1-і уақытша жұмысқа орналасты. Қалған 16 адамның 7-і ұсынылған жұмыстан денсаулықтарына байланысты бас тартса, 9-на зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Квота бойынша мүмкіндігі шектеулі 51 азамат орталыққа қайырылып, оның 10-ы тұрақты, 14-і уақытша жұмысқа орналасса, 22-сі қайтарымсыз грантқа үміткер ретінде тіркеліп, 5-і өз қалауымен жұмыс іздестіруде.
2022 жылы бос жұмыс орындарына 2113 адам жоспарланса, осы күнге 376 адам орналасып, 17,8 % құрап отыр. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 112 адам.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту бөлімі әрдайым тұрғындар үшін «Бос жұмыстар орны жәрмеңкесін» өткізіп отырады. Осы жұмада аудандық мәдениет үйі алдында аудандағы барлық бөлім, қызмет, сала мамандарының қатысуымен жәрмеңке өткіздік. Оған пробация бөлімінде тіркеуде тұрған азаматтар да келіп, қатысып, өздеріне лайықты жұмыс орнына тіркелді. жалпы, жүзден аса бос орындар тұрғындарға ұсынылды. Осы сұхбатты пайдалана отырып Сіздердің газет бетінде аудандағы бос жұмыс орындарының тізімін ұсынғым келіп отыр.
– Әрине, біз сіздермен тұрақты байланыс жасап, бос жұмыс орындарын аудан тұрғындарына жариялап отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Сұқбатыңызға рақмет.
«Меркі- ет комбинаты» ЖШС
жұмысшылар (техникалық мамандықпен) — 5 адам.
Меркі газ учаскесі
Оператор-1
Бақылаушы-5
Слесарь ВДГО-6
«Андас Тазалық» ЖК
жұмысшылар
«МерАлко» ЖШС
Бракер-2
Грузчики-5
Аппаратчик-2
Техничка-1
Разнорабочий-20
«Меркі ірімшік зауыты»ЖШС
-Сүт өндірісінің шебері
-Автоматтандырылған КИП маманы
«Мейірім Меркі сауықтыру орталығы» ЖШС
Бас медбике
Электрик
Ыдыс жуушы
Шаруа бике
Музыкант
Бағбаншы
«Қант зауыты»ЖШС
-Слесарь-10
-Электрослесарь КИПиА
-Электромонтеры
-Составители вагонов
-Старший машинист тепловоза
«Қант зауыты» ЖШС
-Слесари-ремонтники
-Операторы дисковых фильтров
-Оператор пресс фильтров
-Аппаратчик
-Аппаратчики варки утфеля
Сұхбаттасқан Ләззат Серікбай