Меркі ауданы тұрғындарының назарына!

0
157

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі – № 59 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілді:
«1) Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу;»

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі – №67 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілді:
    «18. Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды.
    Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.»;
  2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
    1) ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымшада 10-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
    «10. Халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі.»;
    2) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 13-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
    «13. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде бір бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып – 300 екпеден асырмай құрылады.
    Бұл ретте, бір егу бригадасының құрамына: бір дәрігер, бір егу мейіргері және қажет болған жағдайда бір тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: бір фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), бір егу мейіргері, қажет болған жағдайда бір тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.»;
    Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13 қаулысына 2-қосымша

Адамдар көп жиналатын жерлерде (ұйымдасқан ұжымдарда, СОО,
базарларда және басқа да қоғамдық орындарда) коронавирустық
инфекцияға қарсы иммундауды ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар

  1. Жылжымалы/көшпелі егу пункттерін аумақтық денсаулық сақтау басқармасының және вакцинация жүргізу болжанатын ұйымның басшысының келісімі бойынша медициналық ұйымдар ұйымдастырады.
  2. Егуді жүргізу жеке куәлік болған кезде жүзеге асырылады. Егілетін адамдар қорғаныш маскаларында болуы тиіс.
  3. Егу пунктін орналастыру үшін уақытша конструкцияларды орнату және персонал үшін жеке гигиенаны сақтауға жағдай жасау үшін үй-жайлардың немесе ашық алаңдардың қажетті жиынтығы бөлінеді.
    Вакцинациялауды ұйымдастыру кезінде вакцинация жүргізетін медициналық ұйымның атауы, жауапты адамдардың байланыс телефондары, жұмыс кестесі көрсетіле отырып, вакцинация жүргізу пунктінің орналасқан жері туралы көрсеткілер және маңдайшалар орнатылады.
    Ғимараттардың цокольдық және жертөле қабаттарында уақытша жылжымалы және көшпелі егу пункттері орналастырылмайды, конструктивтік жабдықтарды пайдалануға жол беріледі.
    Жасанды жарықтандырудың жеткілікті деңгейі, адамдар болған кезде тұрақты жұмыс режимі бар рециркуляторларды міндетті түрде орната отырып, ауа алмасу еселігі қамтамасыз етілген жағдайда, адамдар көп жиналатын жерлерде табиғи жарықтандырусыз және желдеткішсіз уақытша жылжымалы және көшпелі егу пункттерінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
  4. Егу пунктіне күту, егілетін адамды қарап тексер, вакцинация жүргізу және вакцинациядан кейін медициналық бақылау аймақтары кіреді. Аймақтарды мөлдір емес жабынмен, қалқамен бөлуге жол беріледі.
  5. Егу пунктінің жарақтандырылуына тоңазытқыш жабдықтар (мұздатқыш немесе минус 18°С және одан төмен температуралық режимі бар белсенді термоконтейнер), жұмыс үстелі, тіркеуге арналған үстел, интернет желісіне қосылған компьютер, орындықтар, кушетка, тонометр, пульсоксиметр, термометрлер, өздігінен блокталатын шприцтер, бір рет қолданылатын қалақшалар, вакцина қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыс, пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) , шокқа қарсы терапия препараттары, жеке қорғаныш құралдары (халат, бас киім, қолғап, маска), қолды өңдеуге арналған антисептиктер кіреді.
  6. Егілген адамдарды медициналық бақылауға арналған аймақ физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, желдетілетін үй-жайда ұйымдастырылады.
  7. Егу бригадасы бригадаға барынша жоғары жүктемені немесе вакцинациялауға жататын адамдардың санын ескере отырып, вакцинамен қамтамасыз етілуі тиіс. Вакцинациялауға арналған препараттар жұмыс күні алынады, қалған ашылмаған вакциналар күннің соңында емханаға қайтарылады.
  8. Вакцинация туралы деректер белгіленген есепке алу нысандарында (КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді есепке алудың жеке журналы, қарап-тексеру нәтижесін тіркеуге және егуді жүргізуге рұқсат беруге арналған журнал) Т.А.Ә., ЖСН, тұратын мекенжайы, вакцинация жүргізілген күн, егу түрі (І немесе II компонент), препарат өндіретін кәсіпорын, серия нөмірі, вакцинаға реакция көрсетіле отырып тіркеледі. Егілген адамдар туралы барлық мәліметтер «Вакцинация» медициналық ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
  9. Пайдаланылған, кәдеге жаратылған, қалған вакцинаның мөлшері вакциналар қозғалысы журналында тіркеледі.
  10. Дәрігер егілетін адамға вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі және шектеу шараларын сақтау қажеттілігі (физикалық қашықтық, қорғаныш маскасын тағу және басқалар) туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, КВИ-ға қарсы вакцинация бойынша жадынама бере отырып, II компонентпен вакцинациялау мерзімдері хабарланады.
  11. Вакцинациядан кейін егілген адамдар егу пунктінде 30 минут бойы медициналық бақылауда болады (ИКҚК дамыған жағдайда шаралар қабылдау үшін бақылау аймағында).
  12. Егуден кейінгі кезеңде ИКҚК мониторингі үшін егуді алған адамдарға вакцина енгізілгеннен кейін алғашқы 3 күнде медициналық ақпараттық жүйеге тіркеу үшін егілген адамның тіркелген жері бойынша емханаға хабарлау қажеттігі туралы түсіндіріледі.
  13. Жүргізілген егулер туралы күн сайынғы есеп одан әрі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органына беру үшін медициналық ұйымға ұсынылады.
  14. Медициналық қалдықтарды бір күн ішінде жинауға, уақытша сақтауға тіркелген медициналық ұйым жауапты болады.

Меркі аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Comments are closed.