Кімге вакцина егу керек?
Вакцинацияға жататын адамдардың тізімі басымдық бойынша реттелген.
Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдар:
медицина қызметкерлері
оқытушылар
жергілікті полиция қызметкерлері
студенттер
медициналық, әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті;
төтенше жағдайлар қызметінің, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері;
ҚР Президентінің Әкімшілік бөлімінің контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық және консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, құрама командалардың мүшелері;
созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі).
2. Халықтың қосымша топтары:
созылмалы аурулармен есепте тұрған 65 жастан асқан адамдар;
вахталық әдіспен жұмыс жасайтын адамдар;
халыққа қызмет көрсету орталықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, әуежайлардың, авиакомпаниялардың қызметкерлері;
теміржол, өнеркәсіп, тамақ, сауда кәсіпорындарының қызметкерлері;
ұлттық санаққа сұхбат берушілер, мемлекеттік қызметкерлер және вакцинация алғысы келетін басқа адамдар.
3. инфекциялық аурулармен, соның ішінде КВИ ауырған адаммен байланыста болғандар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін екпе жасалады;
4. КВИ-дің кез-келген түрімен ауырған адамдарға сауыққаннан кейін 6 айдан кейін және вакцинация алдындағы жағдайын ескере отырып вакцинация ұсынылады.