Екпе салдыруға еріктілер қатары артуда

0
861

Әлем бойынша «Спутник-V» вакцинасын салдырғандардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Тіпті қауіпті асқыну да байқалмаған. Бұл туралы екпені әзірлеуші, ресейлік ғалым, микробиолог, Гамалей орталығының басшысы «Спутник Қазақстан» ақпараттық сайтына берген сұхбатында айтты.

Бүгінде екпенің шамамен 10 млн дозасы өндірілген. Вакцинаны өз елінде шығаруды Оңтүстік Корея, Үндістан, Италия қолға алған. Бұл қатарға Германия Франция да қосылмақ. Ғалымның сөзінше, екпе британдық штамға да төтеп бере алады. Ал вирустың өзге мутацияланған түрлеріне қарсы тұра ала ма жоқ па, ол зерттеліп жатыр. Нәтижесі алдағы екі аптада белгілі болады. Вакцина авторы екпені қарттар да салдыру керек дейді. Әсіресе, қант диабеті, жүрек ауруы мен семіздікке шалдыққандар екпе алғаны жөн. Гамалей институтының жасы 90-ға таяған 4 профессоры екпе салғызған. Олар қазір өздерін жақсы сезінеді. Ал 18-ге толмағандарға әзірге тыйым салынған.

Екпе алғандарға вирус жұққанымен, өкпеге түспейді. Ауыр формасынан сақтайды. Ал ағзада антидене қалыптаспауы мүмкін емес, — дейді ғалым. Екпені зерттеу кезеңінде 30 мыңдай ерікті қатысып, олардың барлығында қорғаныш клеткалары пайда болған. Вакцинаны туберкулездің жеңіл түрімен ауыратындар да салдырса болады. Қазір онкоауруларға, вирустың иммунды тапшылығы мен өзге де созылмалы ауруларға қалай әсер ететіні зерттеліп жатыр. Ал жүкті әйелдер мен ауыр аллергиялық анамнезі бар адамдар екпе салдырмағаны жөн.

Comments are closed.