ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
3

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын көрді.

Алдымен Сарымолдаев ауылындағы спорттық-сауықтыру кешеніне барып, нысанның құрылыс барысымен танысты. Жұмыстардың қазіргі жағдайы, атқарылған шаралар мен алдағы кезеңдегі міндеттер қаралды.

Сондай-ақ аудан көшелеріне жаңадан орнатылып жатқан аялдамалардың жағдайын көріп, олардың орналасуы мен орнатылу сапасына назар аударды.

Бұдан кейін Андас-3 су қоймасына барып, нысандағы жұмыстардың жай-күйімен танысты. Су қоймасының жағдайы, жүргізіліп жатқан жұмыстар және алдағы кезеңдегі мәселелер бойынша жауапты мамандардың есебі тыңдалды.

Аудан әкімі әр нысан бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Comments are closed.