Балғын палуандар жарады
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай және Қазақстан Республикасының Шекара қыз-метінің 30 жылдық мерекесіне орай ауданда Кекушинкай каратэден Меркі ауданының ашық турнирі өтті.
Оған Шымкент қаласынан 2 команда, Тараз қаласынан 2 команда, Қаратау және Алматы облысынан және Алматы қаласынан 3 команда, барлығы 210 спортшы қатыты.
Іс шараның ашылу сәтінде Меркі ауданы бойынша Шекара басқармасының бастығы, подполковник Саят Ахтанов алғы сөз айтып, спортшыларға сәттілік тілеп, Шекара қызметінің атынан ұйымдастырушылық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Айваз Османов алыс аймақтардан келген спортшыларға жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді. Айта кетсек, бұл іс шараны ұйымдастырушы аудандағы «Мухамед -Али» Спорт клубының Кекушинкай-дан Бас жаттықтырушысы және Меркі ауданы Шекара басқармасының әскери қызметшісі Жәнібек Муралиев. Аталған спорт клубының шәкірттері облыстық, республикалық турнирлерде жеңіс тұғырынан әрдайым орын алып, өз біліктіліктерін көрсетуде. Алматы қаласынан келген «Ақ барс», Кекушинкай каратэ-до KWF Шымкент командасы, Талас аудандық каратэ Кёкушин WKB «Сапқа Датқа» және Тараз қаласы «Киокушинкай-кан» федерациясының спортшылары бар күш-жігерлерін ортаға салып, жеңіске жету үшін додаға түсті.
Байрақты бәсекеге бес жастан бастап 17 жасқа дейінгі ұл-қыздар қатысты. Жас ерекшеліктері мен салмағына, дәрежесіне қарай спортшылар татамиге шығып, турнирге үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті.
Аудан атынан байрақты бәсекеге түскен 25 спортшының 8-і бірінші орын, 5 бала 2-орын, 6 спортшы 3-орынды жеңіп алды. Ал командалық есепте Шымкент қаласының спортшылары «Үздік» деп танылып, турнирдің Бас кубогін жеңіп алды.
Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақиқат»