Абайлаңыз – балалар!
ҚР ІІМ-нің 12.08.2022 жылғы шығыс №1-5-6-71/3876-И санды нұсқауына сәйкес, балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдырларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында іс-шара өтуде.
Жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полиция бөліністерінің күшімен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, «Абайлаңыз — балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын ағымдағы жылғы 22-31 тамызбен 01-12 қыркүйек аралығында өткізу жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп, мектеп және мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылына БЖКЖ алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша, Меркі ауданы аумағында алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда ата-аналарға, оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтап, өз өмір қауіпсіздігіңізді ойлауға шақырамыз.
Меркі ауданы полиция бөлімі