Жамбыл облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы ҚАУЛЫ
«16 » сәуір 2021 жыл № 2 Тараз қаласы
Мен, Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі 9 бабы 1 тармағының 4) тармақшасы, 38 бабы 2 тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107 бабтары, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, Covid-19 аурушаңдығының және вирустық пневмония ауруының өсуіне байланысты Жамбыл облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары басшылыққа алынсын.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары) негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу. Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сарыға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл»аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.
3. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша «кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 14 қаулысын басшылыққа алсын.
4. Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасына, Тараз қаласының және аудандардың әкімі:
1) осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың сайттарында хабардар етсін;
2) облыс тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жүргізуге міндетті.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 19 сәуірде сағат 00.00-де күшіне енеді.
Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Шиналиев Б.
«Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы сәуірдегі
№ 2 Қаулысына 1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары
№ | Объектілер/салалар | Сары аймақ |
1 | Өнеркәсіп | + |
2 | Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | + |
3 | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | + |
4 | Әуе қатынасы | + |
5 | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.). | + |
6 | Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.) | + |
7 | Гүл дүкендері, фотосалондар | + |
8 | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | + |
9 | Музейлер, кітапханалар | + |
10 | Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер | + |
11 | Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары | топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша |
12 | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) | + |
13 | Супермаркеттер, гипермаркеттер | + |
14 | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) | + |
15 | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | + |
16 | Қоғамдық тамақтану объектілері және фудкорт (тек жеткізуге және әкетуге) | + |
17 | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазылу бойынша) | алдын ала жазылу бойынша |
18 | Қоғамдық көлік | (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру) |
19 | Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері | уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін |
20 | Мектепке дейінгі мекемелер | 25 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар |
21 | Ұйымдар, офистер | 50 %- қашықтықтан, 50%- күндізгі режим |
22 | Діни объектілер | ұжымдық іс-шараларды өткізбей |
23 | Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат |
24 | Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) | + |
25 | Моншалар | + |
26 | Сауналар | дүйсенбіден сенбі аралығында (жексенбіден басқа) |
27 | СПА-орталықтар, бассейндер | + |
28 | Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) | + |
29 | Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | + |
30 | Спорт кешендері, спорттық сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар | + |
31 | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | + |
32 | Мәдениет объектілері (дайындық) | 30 адамға дейін |
33 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары | толтырылуы 20%-дан артық емес |
34 | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
35 | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
36 | Бильярд | – |
37 | Компьютерлік клубтар | толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 18 және одан үлкен жастағы адамдар ғана жіберіледі |
38 | Боулинг | толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін, «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі. |
39 | Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ) | – |
40 | Көкрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу | – |
41 | Ас беруді өткізу | – |
42 | Банкет залдары | – |
43 | Түнгі және ойын клубтары, караоке | – |
44 | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар | – |
«+» — қызметіне рұқсат етілген;
«-» — қызметіне тыйым салынған.»