Аппарат жиналысы

0
126

Осы аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Оған ұйым, мекеме, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлімдер басшылары қатысты.
Аппарт мәжілісінде «Көктемгі егіс-дала жұмыстарының барысы», «Аудандағы Ковид-19 індетінің жағдайы» және «Көктемгі екі айлық көріктендіру, абаттандыру және санитарлық тазалық» айлығының жағдайы туралы өзекті үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Садықжан Бұтабаев қабарлама жасады. Жауапты сала басшысы 2021 жылғы көктемгі егіс-дала жұмыстарының ауқымы 103127 гектар көлемінде жоспарланса, ол 103945 гектар, яғни 815 гектарға артығымен орындалатынын мәлімдеді. Сол сияқты өткен жылы 28 мың гектар күздік бидай егілгенін, биылғы жылы 28919 гектар алқапқа арпа дақылы орналастырғанын, «дала аруы» жүгері дақылы 2,190 гектарға жоспарланса, ол бүгінгі таңда 0,191 га болып орындалып тұрғанын, жүгері дақылын орналастыруға әлі де уақыт бар екенін айтып,белгіленген меже іске асатынын мәлімдеді.
Сол сияқты қант қызылшасы 1,907 гектарға межеленсе, оның бүгінгі күні 758 гектары егіліп қойылғанын, балтамыр егу, бүгінгі күні қарқынды қолға алынып отырылғанын, ауа райына байланысты жұмыс біраз кешуілдеп қалғанын баяндады.
Қабарламада жанар-жағар май мәселесі, сортты ақ егіс егу, тұқым мәселесі жаңа техника алу, минералды тыңайтқыш мәселесі, су үнемдеу технологиясы да айтарлықтай қамтылды. Солай десе де сала басшысының «Көктемгі жұмыстар дер кезінде аяқталады, ал игерілмей қалған жерлер болса, қатаң шара қолданамыз» деген мәлімдемесіне аудан әкімі Руслан Маратұлы «мен сіздің егілмей қалған жер болса, шара қолданамыз дегеніңізге түсінбедім. Игерілмей қалған жер болмауы керек, кейін шара қолданғаннан не пайда» деп өз ойын нығарлап айтып, «мен сізге әр ауылдық округте, ауылдың паспорты, көрнекті жерде тұруы туралы наурыз айының бірінші он күндігінің аяғына таман тапсырма беріп ем, ол әлі күнге, міне бір айдан асты, неге орындалмайды деген сауалына, С.Бұтабаев «округ әкімдігіне, формасын көрсетіп, қабарлама бергенбіз» деген жауабына аудан әкімі «берілген тапсырма дер кезінде орындалуы керек» деп үзілді-кесілді нүкте қойды.
Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Кударова Дильдаш Кабирқызы аудандағы Ковид-19 індетінің жыл басынан бергі ахуалы туралы қабарлама жасады. Ауданда осы мерзім ішін КВИ вирусымен 39 жағдай тіркелгенін, оның 9-симптомды, 30-ы симптомсыз. Індет бес аяғы ауыр анадан анықталғанын, олар дәрігерлер бақылауында екенін баяндады. Сол сияқты бақылау басқармасының қызметкерлері Андас батыр ауылындағы шекара-бекетінде тұрақты кезекшілікте екенін, аталған мерзімде 8085 жүк көлігі 5216 адам кеденнен өткенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 1015 адамға екпе жасалып, оның 295-сі екінші қайтара вакцинациядан өткенін мәлімдеді.
Солай десе де аудан әкімі Руслан Маратұлы індетпен күрес ауданда өз дәрежесінде емес екенін баса айтты. Ас,той, жиын айылын жинамай-ақ ашық өткізіліп жатқанын, бұл тұрғыда санитарлық бақылау басқармасының, сол сияқты осы мәселемен айналысатын өз орынбасары Берік Бегалиевтың жұмысы да өз дәрежесінде емес екенін баса айтып, жұмысты ширатуды, әр күні жұмыс аяғына қарай өзіне мәлімет беріп тұруды тапсырды. Сол сияқты ең бастысы халықтың амандығы басты мәселе, міндет екеніне айрықша мән беріп, жауапты адамдарға ескерту жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдың шаруашылық,жолаушылар көлігі -және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Арғымбаев қабарлама жады.
Ол өз есебінде слайд арқылы Меркі және Жамбыл ауылдық округіндегі екі айлықтың барысын қынжыла паш етті.
Екі округтегі жағдай тіптен көңіл көншітерлік емес. Көше-көше бойынша, мекеме айналасы бойынша көзге қараш, айтуға ұят күл-қоқыс мәселесі күрделі әңгіме өзегі болды.
«Екі округке де қомақты қаржы бөлінген. Меркі округіне 19 миллион 800 мың теңгеге жуық, ал Жамбыл ауылдық округіне 13 миллион қаржы бөлінген, ал нәтиже қайда?» деді аудан әкімі.
Қайрат Арғымбаев қанша рет ескертілсе де, нақты тапсырмалар берілсе де «баяғы жартас, сол жартас» екенін, Меркі шипажайына баратын жол бойындағы тал-тарақтарды бұтау, әктеу жұмысы да ақсап жатқанын, сенбіліктер өз дәрежесінде өткізілмейтінін ашына жеткізді.
Аппарат мәжілісінде өзекті әңгіме болған тазалық мәселесіне сәйкес Руслан Маратұлы екі округ әкіміне Ғазиз Байарыстан мен Ербол Байболсыновқа сөгіс жариялады. Сол
сияқты сәрсенбіге дейін шипажай жолы аумағындағы көріктендіру, тазалық жұмыстарын бітіруді тиісті адамдарға қатаң тапсырды.

«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.