Бозкілемдегі бозборан

0
121

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты ұранымен 15-16 желтоқсан күндері Меркі ауылындағы жаңа «Спорт кешені» спорт залында 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен Меркі ауданының ашық турнирі өтті.

Еркін күресті насихаттау, палуандардың шеберлігін шыңдау, ауыл жасөспірімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Меркі ауылында еркін күрестен өткен аудандық ашық турнирге 8 команда, 173 спортшы қатысты. Екі күн бойы 10-12 жас аралығындағы жас балуандар боз кілемде белдесті. Жарыс ұлдар арасында 11 салмақ дәрежелерінде: 23 кг, 26 кг, 29 кг, 32 кг, 35 кг, 38кг, 42 кг, 46 кг, 50 кг, +55 кг, 60 кг дейін өтті. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне жарыстың бас демеушісі Сұлтанов Болысбай, Меркі ауданының спорт ардагері, Спорт мекемесі басшысының орынбасары Бегалиев Даулен қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Жарыстың өткізілу тәртібіне сәйкес Команда дәрігерлері ғимараттың кіре берісінде іс-шараға қатысушылардың термометриясына бақылау жүргізді. Қатысушы командалардың тапсырыс парағында міндетті түрде жарысқа жіберген мекеме басшысының, команда жетекшісінің және дәрігердің қолы мен мөрі болуы міндеттелді. Аталмыш жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жалпы командалық есепте 5 алтын, 1 күміс 2 қола жүлдемен Ақарал ауылының жасөспірімдері бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орын №20 БЖСМ еншісінде – 2 алтын, 5 күміс 7 қола.
Үздік үштікте екі команда бірдей жүлдеге ие болды олар: №1 мектеп 1 алтын, 1 қола, Сұрат ауылы 1 алтын, 1 қола, жүлдемен қорытындылады.
Төртінші орында №22 Спорт мектебі 1 алтын. Бесінші орында №19 мектеп 1 күміс.
Алтыншы орында №19 мектеп 1 қола. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубок, медаль және Спорт мекемесінің грамотасымен марапатталды.
Ақарал ауылының еркін күрестен жаттықтырушы бапкері Нұрлан Нуриевті ауылдың жасөспірімдерін осындай үлкен жетістіктерге жеткізгені үшін еңбегінің бағаланып, биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.
Осы турнирді өткізуге атсалысып, демеушілік жасаған Ақарал ауылының түрғындары: Сұлтанов Болысбай, Жасұлан Төлбаев, Аят Өмірбеков, Алтынбек Жамбабаев, Ғабит Мырзахметов мырзаларға аудан спортшыларының атынан алғыс білдіреміз.

Талғат Сұлтанов,
Ақарал ауылы

Comments are closed.