📚 КІТАП – КЕЛЕШЕККЕ БАСТАР ЖОЛ

0
4

2026 жылғы 28 қазанда Меркі аудандық орталық кітапханасында аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» бағдарламасы аясында «Кітаппен келешекке» бағыты бойынша «Кітап – келешекке бастар жол» тақырыбында әдеби-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға №9 Меркі колледжінің білімгерлері, ауылдық округтердің аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері және ардагерлер қатысты. Кездесуді аналар кеңесі төрағасының орынбасары Роза Жапарқызы Байбосынова жүргізді.

Кездесудің мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиет пен тарихты насихаттау, кітаптың адам өміріндегі және тұлға болып қалыптасуындағы маңызын түсіндіру.

Бағдарлама барысында «Кітап менің өмірімде» айдарымен қатысушылар кітап оқудың пайдасы, кітаптан үйренген жақсы қасиеттері және балалармен бірге кітап оқудың маңызы туралы ой бөлісті.

Comments are closed.