Ақтоған ауылдық округінде “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында «Жасөспірімдердің заң алдында жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өткізілді

0
4

📌Іс-шараға Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі маман-заңгері К.Токтанова қатысып, жастарға құқықтық бағытта ақпарат берді.

📌Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға тәртіп сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және заңды құрметтеу қажеттігі айтылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға заң талаптарын сақтап, тәртіпті әрі жауапты азамат болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Comments are closed.