«Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы №13 ЖОББМ оқушылары арасында «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға интернет кеңістігіндегі қорлау, кемсіту, қысым көрсету, жалған ақпарат тарату және әлеуметтік желілердегі агрессияның салдарын түсіндіру, кибербуллингтен қорғану жолдарын үйрету және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға ықпал ету.
🎙️ Кездесудің спикері – Жастар денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызы.


















