Тәуелсіз елдің білім саласы

0
63

Күлтегіннен бері қанша күн шығып, қанша күн батқанын білмеймін, бірақ Керей, Жәнібек хандық құрған уақыт кеше ғана емеспе еді? деп қоямын ішімнен. Иә, Керей мен Жәнібектің хандық құруы біздің тәуелсіздікке ұмтылуымыздың айқын бір көрінісі еді. Дала да еркін жортқан бөрілер өз алдына апанын бөліп кеткелі, біз еркін елміз. Негізінде біз сонау Түркі заманынан бері қарай еркін, өз алдына мәдениеті, зиялы қауымы, әдебиеті, ғылымы бар шығыс елдерінің қатарында едік. Оған дәлел қазақ егер білімді болмаса, ғылымды меңгермесе, түстің жеті түрі бар болатынын, аспан денелерінің қашан, қай кезде, қай мезгілде, қай жерден көрінетінін білер ме еді? демек біздің ата-бабамыз астрономиядан да мәтематикадан да сауатты болған. Ал біздің арғы бабаларымыздың сауаты соншалықты болған-ақ дейік. Енді тәуелсіз ел болғаннан кейін біздің өміріміз қай бағытта жүрді? Деген сауал туады.
Әрине бір елдің қамытының астынан шығу бізге оңай соққан жоқ. Әрі ары қарай өз мемлекетіміздің шып-шырғасын шығармай ұстап тұру да оңай болған жоқ. Атап айтар болсақ, біз 1990жылы 25 қазан күні.
«Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесі жарық көрді. Міне біз сол мәлімдеменің аясында өз алдымызға мемлекет құрушы ұлт болып танылдық. Содан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда біз бір тұтас Қазақстан меммлекетінің тәуелсіздігін алдық. Бұл кезде біздің ғылым саласы мен білім саласы құлдырап тұрған кез еді. яғни мемлекет ретінде 1992-1994 жылдар аралығындағы біздің хал-ахуалымыз айтарлықтай болған жоқ. Алайда 1996 жылға келгенде ғана біздің мемлекетіміз ғылым саласын қолға алып бастады. Соның арқасында республикамызда ғылым академиясы құрылды.
Ал, 1999 жылы қазіргі білім және ғылым министирлігі құрылды. Сол министрліктің құрылуы арқасында білім саласында неше түрлі өзгерістер болды. 1995 жылы толық орта білім алуды мемлекет тегін қылатын жаңа қаулы қабылдады. Міне осындай оң өзгерістердің натижесіне сәйкес 1995 тен 1998 жылға дейін еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орындары айтарлықтай көбейген. Яғни 50пайызға артқан. 2001 жылға келгенде мектептердің барлығын компютермен қамтамасыз етіп, біздің болашақ ұрпақтарымыздың барынша заманауи үлгіде білім алуына жағдай жасалды. Мемлекетіміз және көсем көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында мамандарды дайындаудың жаңа бағыттары іске қосылып, ел ішіндегі дарынды, білімге деген ынтасы бар жастарды шетелге оқытатын «Болашақ» бағдарламасы 1993 жылдан бері қарай жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек республика көлемінде де оқушылар мен студенттерді қолдап, олардың талабына қанат бітіретін жобалар жетіп асады. Әрине алда боламын деген елдің жастары да алда жүреді қашанда. Сондықтан жастарымыздың болашағы нұрлы болсын десек, олар әлемнің аламанында білімімен алда келсін десек, онда оларды білімнен ақсатпағанымыз абзал.
XXI ғасыр – ақыл-ой, білім-ғылым, инновация мен креативтілік негізінде үнемі өзгеріп отыратын орта қалыптастырды. Жылдам өзгеріп отыратын өзгермелі кеңістікте сапалы білім арқылы осы қасиеттерді азаматтар бойына сіңіру адам капиталын дамытудың бірден-бір жолы. Сапалы білім ғана өркендеген мемлекеттің, қуатты экономикалық және бақуатты қоғамның кепілі бола алады.
Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы кезең аралығында жеткен жетістіктер орасан зор. Алғаш рет кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Университеті» құрылды. Қазіргі уақытта тәуелсіздік рухында тәрбиеленген, білімді, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосуда. Еліміздің мектептегі білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығаруға әлеуетті екенін дәлелдеді.
Оған еліміздің мектеп оқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша рейтингте алғашқы 10 елдің қатарына кіруін мысал ретінде айтуға болады.
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда алған асулары мен бағындырған белестерін білім мен ғылым салалары бойынша саралағанда білім беру мен ғылымды дамытуда халықаралық білім мен ғылым кеңістігінде өзінің лайықты орнын алғанына аса мән беріп, дамығанына көз жеткізіп отырмыз.
Еліміздің білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейге көтерілуі, білім саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен қазақ ғылымындағы тың жаңалықтар – ұстаздарымыз бен ғалымдарымыздың, білім, ғылым саласы менеджерлерінің нәтижелі еңбегі.

Мадина Аманбаева,
№9 Меркі колледжінің оқу өндірістік шебері

Comments are closed.