Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі

0
49

Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», — деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.

Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар етіп тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Жібек жолының бойында Сыпатай бабаның кесенесі орналасқан, ауыл батыр бабаның атымен аталады. Ауылда көп ұлтты ұлт өкілдері тұрады. Бәрі тату. Айтпағым осы кішкене ауылда туылып, білім алған, мақала жазуыма арқау болған, мақтанышпен Досалиевтер отбасынан тараған, Досалиев Талғат Манапалыұлы туралы айтқым келеді. Себебі, ауылдың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін айшықтап, өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Талғат Манапалыұлы бүгінде кәсібін дөңгелеткен, туралы айтқым келеді. Айтулы азамат «Би бол! Би болмасан — би түсетін үй бол!» деген ұғымда ұрпақ тәрбиелеген, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі.
Талғат Манапалы елу жасты әлі бағындырмаған жігіт. Мектептің маусымдық жұмысы от жағушы жұмысын атқарған. Өте пысық, қағілез, ұйымдастырушы қабілеті жоғары жан. Ұйымдастырушы қабілетін, ауыл жастарын мектеп спорт залында баскетбол, футбол ойындарын ұйымдастырып жататынынан байқайтынмын, өз ортасына сыйлы да болды. Талғат айтты деп жиылып жататын.
Сонымен, қатар өзі тұратын ауылдың сүтін ертелі-кеш ат арбамен жиып, сүт зауытына өткізіп, елге ақшаларын үлестіріп жүретін. Көше бойы тізіліп сүт өткізуге шығып тұратын. Жиналған жерде өткізген литрдің ақшасы дұрыс шығатынын айтып мақтап жататын.
2000 жылдары Талғат мектептегі от жағушылықты тастады, кәсібі өркендеп, сүттен ірімшік, құрт жасап сыртқа шығара бастады. Ауылдың 10-ға жуық тұрғыны жұмыспен қамтылды. Сүт тасушы, ірімшік пісірушілер, құрт жаятындар т.б.
Осындай ауыл тұрғынын мақтан тұтамыз. Мектептің тұрақты меценаты. Үнемі «Мектепке жол», Қайрымдылық акцияларына белсене қатысады.
Қазан айында арнайы ат басын бұрып, облыс әкімінің орынбасары Нұржігітов Нұржан Мадиярович, аудан әкімінің орынбасары Алжаппаров Бақытжан Жақанович және Ақарал округінің әкімі Бегасилов Ерлан Толғанбайовичтер келіп, кәсіпкердің жұмысымен танысып, ризашылықтарын білдіріп кетті. Бұл шалғайда орналасқан ауылдан шыққан жігіттің тынымсыз еңбегінің жемісі. Ауылдың гүлденуіне өз үлесін қосқандығы көпке үлгі.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне еңбектің рөлі өте маңызды екенін әрдайым ескеріп отырған. Сондықтан, ер балаларды бала күнінен бастап «Ердің атын еңбек шығарар» деген мақалға сәйкес егін егу, кәсіп ашу, мал бағу, секілді ізгі әрекеттерді бойына дарытып, елінің гүлденуіне өзіндік үлес қосуы әрбір ер азаматтың міндеті.

Гульжамал Муратова,
№16 ЖОББ мектеп директоры, Аудандық маслихат депутаты

Comments are closed.