Қыз болашағы-ұлт болашағы

0
67

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қазан айында қыздармен жұмыс ерте жүктіліктің алдын алу іс-шара жоспарына сәйкес 9-11 сынып қыз балаларымен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс — қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан — жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани — адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Ж.Адешова, және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Сағындық Анара Мұхитжанқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медициналық қызметкері Ұ.Мырзабаева, 9-11 сынып жетекшілер А.Джарылқапова, Қ.Сатқұнова, Қ.Даутов қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Батырбекова ашты. Сондай-ақ дөңгелек үстелде «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз сүйкімді көрінер қылығымен», «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»-деп ұлттық тәрбиеге баса назар аудару мен тәрбиеге қатты көңіл бөлу керектігі баса айтылып, талқыланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Адешова «Ерте жүктіліктің алдын алу» баяндамасын слайд арқылы тереңірек түсіндіріп өтті. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Батырбекова өз сөзінде «ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып — ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді» деп өз сөзін түйіндеді. Кездесу барысында мамандар қыз балаларға ерте жастағы жүктіліктің алдын алуға бағытталған мағлұмат берді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Анара Мұхитжанқызы мен сынып жетекшілер А.Джарылқапова, Қ.Сатқұнова кері байланыстан қыз балалардың алған әсерлерінің мол болғандығын байқауға болатынына назар аударды. Сонымен қатар қыз балалар дөңгелек үстел соңында мамандармен пікір алмасып, өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын ала білді. Сондай-ақ қонақтар, аналар мен қыздарға ситуациялық сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салып бөлісті. Қорыта келгенде қазіргі қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індеттен көп болып күресіп, ой салар кездесуді көптеп ұйымдастырғанымыз абзал деген оймен қорытыланды.

Перуза Батырбекова,
№22 ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Comments are closed.