Бұл менің Қазақстаным
Меркі ауданы Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 19- қазанында «Бұл менің Қазақстаным» атты сурет байқауы 5-9 сыныптар арасында көркем еңбек пәні мұғалімдері осы жолдардың авторы З.А.Омаровамен, К.О.Ниязкуловалардың ұйымдастыруымен өткізілді.
Біздің туып өскен жеріміз — Егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу әрі әдемі. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Мемлекеттік Рәміздер туралы айтатын болсақ, белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты көрініс береді.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — Елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ— мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.
Қазақ елінің жері шырайлы, шөбі шүйгін, Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Сондықтан да Қазақстанның осындай керемет тұстарын, атамекенді, мемлекеттік рәміздерді суреттеуге мектебіміздің оқушылары өз үлестерін қосып отыр.
«Бұл менің Қазақстаным», «Рәміздерім-мақтанышым», «Менің отаным- Қазақстан», «Менің елім — Қазақстан», — деген тақырыппен мектеп оқушылары суреттер салып Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді және өз фантазияларымен жеткізе алды. Сондай-ақ, 6 сынып оқушылары арасынан Ф.Әкетай, А.Уманцева, Ж.Әлім 7-сынып арасынан А.Нағмет, М.Халкечева, Х.Кабилов, 9-сынып оқушысы А.Акетай осы оқушылардың суреттері ерекше көзге түсті. Осы аты аталған оқушылар мақтау грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін, атамекенді ардақтаймыз, өйткені сезіміміз өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Қазақстан – гүлденген мемлекетіміз! Қазақстан – мақтанышымыз! Қазақстан – біздің Отанымыз!
З.А.Омарова,
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ көркем еңбек пәні мұғалімі