МЕРКІ АУДАНЫНДА 66 ДОЗА «PFIZER» ВАКЦИНАСЫ САЛЫНДЫ
араша айының 22-і күні Меркі аудандық орталық ауруханасына 120 доза «Pfizer» вакцинасы жеткізілген болатын. Меркі аудандық орталық ауруханасының эпидемиологы Юлдашев Фарух Батырхановичтің айтуынша, жеткізілген 120 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 18-і жүкті әйелдерге, және 11-і бала күтіміндегі, 37-і оқушы балаларға салынған.
Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.
Балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат талап етіледі.