Электрондық ҰБТ тапсыратындарға сәттілік!

0
809

Еліміздің тарихында алғаш рет 2021 жылы ҰБТ – ға қатысушылардың мүддесі үшін ашықтық пен әділдікке бағытталған өзгерістер компьютерлік техникалық форматында тестілеу енгізілді.Бұл өз кезегінде тест тапсырушыға дер кезінде нәтижесін көріп, заманауи технология көмегімен бақтарын сынауға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз. Үстіміздегі жылдың 12 наурызынан – 12 сәуір аралығында Қазақстандық мектеп түлектері жаңа ұлттық бырыңғай тесті жаңа форматпен алғашқы рет тапсырды. Ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінен мектеп бітірушінің 575- сі жаңа форматта ақылы негізде электронды түрде тест тапсыруға қатысып тиісті нәтижелерін алды.
Атап айтсақ, кейбір орын алу мүмкін, тәуекелдерді барынша болдырмау үшін бірінші рет тестілеу электрондық форматта «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілді.
ҰБТ 2004 жылдан бастап, бері қарай қағаз түрінде тапсырылуда. Бұрын ҰБТ елімізде 7-10 күн аралығында өтсе, енді электронды формат екі айдан аса 30 сәуір – 30 маусым аралығында 60 күн көлемінде өтеді. Бұл тестілеуге аудан түлектерінің 561 – і яғни 64% өтініш берген. Мектеп бітіруші түлектер тестілеуді бір емес екі рет тапсыруына болады. ҰБТ нәтижесімен болашақ студент грантқа түсе алады Сол себептен академиялық адалдық принципі қатаң қағидаланады. Бұл жерде мектеп бітірушілер өтінім бергенде күнді, уақытты өзі таңдайды. Және де тапсыруға отырған сәтте пәндерін таңдай алады. Тестілеу барысында алға өтіп, басқа сұрақтарға жауап бере алады және артқа шегініп қалған сұрақтарына жауап бере алады және қателессе қайта түзетуіне де болады.
Жалпы жана форматтың ерекшеліктері туралы «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Меркі ауылындағы филиалының басшысы Гүлнар Бегалықызымен сұхбаттасқан едік.
-Гүлнар Бегалықызы, ҰБТ ендігі жерде ауданда өтпейді ғой … Солай ма?
-Әзірге солай. Енді қағаз форматта «біздің кезімізде»- деп еске алатын болады 2004-2020 жылдар аралығындағы мектеп бітірушілер. Қазіргі таңда мектеп бітірушілер Тараз қаласындағы «Ustady» компьютерлік тест орталығына барып тапсыруда. Сәуір-маусым айларындағы мемлекеттік гранттық ҰБТ да Тараз қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алдағы уақытта қандай өзгерістер болады? Ол жағы әзірге белгісіз.
-Электронды форматта тест тапсыру үшін мектеп бітіруші өтінімді кімге және қалай береді?
-Тестілеуге өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының http://ap.testcenter.kz сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режімде жүргізіледі ,ешқандай құжат пен фото сурет талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, мектебі бекітілген тестлеу пунктін,ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.
Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бырыңғай тес-
тілеуді бүкіл санитариялық талаптарды сақтай отырып, екі мәрте тапсыра алады.
-Өтінім беру уақыты мен тестілеу уақыты қалай белгіленген?
-Тестілеу уақыты 30 сәуір-30 маусым аралығы, ал тіркеу уақыты 15 сәуірден басталды. Осы күннен бастап тестіленуші онлайн режимінде өтініш береді. Сонымен қатар, 15 — 30 сәуір аралығында тестіленушіге тіркелу үшін бірінші мүмкіндік қолжетімді болады. Ал, екінші мүмкіндік – 1 мамырдан соң қолжетімді; Тестіленуші бірінші рет тапсырмаса да, кез келген күнді таңдай алады. Тестілеуге бір күнде екі рет қатысуға тыйым салынады. Тестілеу аяқталғанда нәтижесі бірден шығады. Тест тапсырушы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады. Арнайы бақылаушы компьютерлік бағдарлама арқылы қатысушы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижесі жойылады. Екі тестлеудің арасы 15 күннен кем болмау керек. Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін талапкер екі тесттің ең жақсы нәтижесі бар сертификатын ұсына алады. Бет маскасының тағылуын қадағалау мен температураны өлшеу арнайы Face ID планшет көмегімен жүзеге асырылады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Егер сұрақтардың құрамында немесе техникалық себептерге байланысты апелляцияға беретін болса, оның 30 минут уақыты болады. Отырған орнындағы компьютерден апелляцияға беруге болады. Апелляция 30 күннің ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі.
-Тест тапсырмаларының санында өзгеріс бар ма ?

  • Жоқ, Тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз қалды. Екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде, Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы
    бойынша – 20 және екі бейіндік пәннен 35 тапсырмадан берілген.
    ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер жоғары 140 балл жинай алады. Тестілеу өткізу уақыты – 240 минут (4 сағат).
    Шекті балл деңгейі, педагогикалық мамандықтар бойынша ҰБТ – ның шекті балы 75 –ке де ұлғайтылады.
    Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласы бойынша кемінде 60 балл.
    «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария», салалары, кемінде 60 балл.
    Ұлттық жоғары оқу орындары үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғарғы оқу ұйымдарына кемінде 50 балл жеткілікті. Қосымша өзгерістер мен толықтыру болатын болса, Тест орталығы тарапынан дер кезінде хабарланатын болады.
    -Түлектерге игі тілегіңіз.
    -Құрметті тестіленушілер, өздеріңді білімдеріңізді дәлелдеп. ҰБТ кезінде жоғары балл жинап, қалаған оқу орнының студенті атануларыңызға тілектеспін! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін!

Сұқбат жүргізген:
Ләззат Құралбаева
«Меркі Ақиқаты» газетінің тілшісі.

Comments are closed.