Бастау бизнес — кәсіп көзі

0
104


Мемлекетіміз жұмыссыздықты жоюға, жастарды кәсіпке баулуда ерекше жағдай жасап келеді. Осыған сәйкес биылғы «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асыруда қандай өзгеріс, жаңалықтар бар екені туралы тілшіміз Нұрай Маханның аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Шөйбекпен сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Сұрақ: – Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қандай жаңалықтар бар?
Жауап: – Негізінде, өткен жылғы оқудан ерекше айырмашылықтар жоқ. Жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, NEET санатындағы жастар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер оқи алады.
Өткен жылдағыдай оқыту онлайн-режимде жүргізілетін болады және келесі кезеңдерден тұрады:1) тестілеу; 2) веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту; 3) бизнес-жобаны қорғауға (таныстыруға) дайындық; 4) өнімді өткізу «тізбегін» құруға жәрдемдесу (алдын ала шарттар жасасу); 5) бизнес-жобаны іске асыруда он екі айға дейінгі мерзімге, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін он сегіз ай бойы сүйемелдеу.
Биылғы жаңашылдық — электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы порталда оқуға тіркелуден тұрады, бұған дейін оны смартфон арқылы жасауға болатын еді.
Сұрақ: – Ағымдағы жылы қанша адамды оқыту жоспарлануда?
Жауап: – Меркі ауданы бойынша 2021 жылға 400 адамды оқыту жоспары бекітілді. Оқыту 6 лектен тұрады. 1 лек бойынша оқыту 26 сәуірде басталды. Келесі оқыту лектеріне түсу үшін, үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығынан оқуға жолдама алып өтінімдерді қабылдау күндері ЭЦҚ-менен дербес компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелу қажет, бұл ретте Жұмыспен қамту орталығы жолдамасының және жеке куәліктің сканерленген көшірмесі жүктеледі. Ол үшін аталған құжаттарды алдын-
ала сканерлеп қою керек. Әдетте портал таңертеңгі сағат 9.00-дан бастап қол жетімді болады. Келесі лектерге өтінімдер 17 мамыр, 14 маусым, 12 шілде, 9 тамыз және 6 қыркүйек күндері қабылданады.
Сұрақ: – Компьютер немесе ноутбугы жоқ адамдар не істеуі керек?
Жауап: – Онлайн оқытудың мәні — адам өздігінен тіркеліп, оқи алуы. Егер компьютерлер болмаса, онда менің ойымша, әркімнің интернетке қол жетімді компьютері бар туысы, жақыны, танысы болуы мүмкін, сіз олардан сұрауыңыз керек. Сонымен қатар, бізде компьютерлік клубтада баршылық. Біз палата ретінде барлығына көмектесуге дайынбыз, бірақ өкінішке орай, 19 сәуірде 1 лекке үміткерлерді тіркеу тәжірибесі көрсеткендей, біздің ресурстарымыз шектеулі болды. Бізге үлкен кезек пайда болып, соның ішінде небәрі 7 адамға ғана тіркелуге көмектесе алдық. Портал шамамен бір сағаттан кейін, 1 лекке лимитке қол жеткізе салысымен, өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Әрине, наразылықтар болды. Бірақ мұндай жағдай бүкіл республика бойынша байқалды, мұның бәрін теледидар мен әлеуметтік желілерден көрген боларсыздар.
Сұрақ: – Бастау Бизнес жобасы бойынша оқыту не береді?
Жауап: – Бастау курсын аяқтағаны туралы сертификат иегерлері үш жыл ішінде қазіргі таңда тегін берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттар мен өз бизнесін ашу үшін 4,6 пайыздық жеңілдетілген несиелендіруге үміткер бола алады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Comments are closed.