Меркілік шымырлар сынға түсті

0
481

2022 жылдың 14-19 наурыз аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында кадеттер, жеткіншектер, жастар, ардагерлер және мүгедектер арасындағы армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты (қоссайыс) өтті. Аталған чемпионаттан Меркі ауданындағы 22 БЖСМ КММ-нің қол күрес бөлімінің спортшылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
А.Бейсехан – 2 орын, Я.Махамбет – 2 орын, А.Аширбекова – 3 орын, М.Манап -3 орын иеленді. Жаттықтырушысы: А.Садыков. ҚР чемпионатында оза шауып, облысымыздың, ауданымыздың абыройын көтерген спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз.
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.