«Модельдік шаруашылық құру жолымен етті ірі қара өсіру тиімділігін арттыру жөнінде облыстық семинар

0
2385

«Қарағау» учаскесінде «Сарықобы» шаруақожалығында (жетекшісі Қазбек Абиров) «Модельдік шаруашылық құру жолымен етті ірі қара өсіру тиімділігін арттыру жөнінде облыстық семинар болды.
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Жеткен жетістіктер де аз емес. Мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаулар жүйелі жүргізілуде.
Соңғы уақытта, әлемдік сұранысқа еге өндірістерді ашу, заманауи технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару, облыстағы шаруашылықтарда өндірісті жаңа, заманауи технологияларға негізделген жаңалықтарды енгізуді талап етуде.
Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында біз Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен бірлесе отырып, модельді үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асыруды қолға алып отырмыз. Соның бірі бүгін біз бас қосып отырған Меркі ауданындағы «Сарықобы» шаруа қожалығы, шаруашылық ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын өсірумен айналысады. Жоба 3 жылға жоспарланған, бұндай ғылыммен өндірісті ұштастыру қысқа мерзімде оң нәтижесін көрсетеді деген сенімдемін.
Негізінен бұл әріптестіктің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, кәсіпкерлер мен ғалымдардың арасында біріккен оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларды өндіріске енгізу үшін серіктестік қарым-қатынастар орнату болып табылады.

 

 

Comments are closed.