КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ БЕРІК ТІРЕГІ

Меркі ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осыған орай, Ақтоған ауылдық округінің медициналық пунктінде «Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – биылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызын түсіндіру, конституциялық реформалардың ел дамуындағы рөлін кеңінен насихаттау және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Кездесу барысында Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Клара Рақаева мен аудандық мұрағаттың директоры Ринат Жантаев сөз сөйлеп, Ата Заңға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Олар конституциялық реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, әділетті қоғам құрудағы және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
















