ТАЗА ТАБИҒАТ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

0
6

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Меркі ауданындағы тау шатқалында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияға аудандық мекемелердің қызметкерлерімен қатар, Жастар ресурстық орталығының жастары да белсенді қатысып, табиғатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуға өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде демалыс аймағының аумағы тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне үлес қосылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Табиғат – баршаға ортақ қазына. Сондықтан оның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық бастамалар табиғатқа деген жанашырлықты арттырып, туған өлкенің көркеюіне өз септігін тигізеді.

Comments are closed.