«Бақытты балалық шақ» атты салтанатты шеруі

0
2155

Меркі ауданында дәстүрлі түрде өткізілетін 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған орталық алаңдағы  балалар мен жастардың  музыкалық ансамбльдерінің  шеруіне жалғасты.   Онда ауданымыздағы  бес қосымша білім беру ұйымында тәрбиеленетін талантты да дарынды өнерпаздарынан құралған  музыкалық ансамбльдері: Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Оқушылар «Үміт» сарайының жас талантты бүлдіршіндері, «№ 2  балалар музыка  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің барабан, гитара және  скрипка шеберлерінен құралған жас өнерпаздар өнерлерін көрсетті. №2 саз мектебінде  18 мұғалім, 9 кіші қызметкер қызмет етеді, 230 оқушы 3 бөлім – 9 түрлі аспап бойынша  білім алуда.
Оқу жылында мектеп оқушылары Халықаралық, Республикалық, Облыстық, аудандық байқауларға қатысып, үздік нәтижелер көрсеткен.
Сонымен қатар,  № 1 Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі шеруі  ортаға шығып, өнерлерін көрсетті. Жас жеткіншектерді музыка саласына баулып, өнерлерін шыңдауда 6 бөлім бойынша 350 білім алушыға 38 мұғалім дәріс береді. Атап айтар болсақ: Домбыра, қобыз, күйсандық, вокал, аккордеон сыныптары. Осы қара шаңырақта тәрбиеленетін шәкірттер бірнеше дүркін облыстық, республикалық, халықаралық Чехия, Турция, Ресей, Қырғызстан мемлекетіндегі өнер байқауына қатысып, түрлі дәрежедегі жүлделермен марапатталған.
Одан әрі аудандағы «Өркен» балалар шығармашылығын бағыттар бойынша дамыту орталығының черлидерлері  жалғастырды. Мұнда «Өркен» балалар шығармашылығын бағыттар бойынша дамыту орталығы қосымша білім берудің техникалық шығармашылық, сәндік – қолданбалы, бейнелеуөнері, кәсіптікбағдар беру, өлкетану, ағылшын тілі бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде орталықтың 36 педагогы ауданымыздың 1420 оқушыларының тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөле отырып, үйірме жұмысы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, жас дарындыларды тәрбиелеп келеді.
Мемлекет балалар үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің қолжетімділігін, олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етуде.
— Өнегелі өнердің, мәдениеттің, ғылым мен ілімнің, спорттыңошағы қосымша білім беру орталықтары. Міне, осындайорталықтыңбірі- Оқушылар «Үміт» сарайы.
— Оқушылар «Үміт» сарайы балалардың танымдық, дамуын, шығармашылық белсенділігін арттыру, саналы еңбекке бейімдеу саласында техникалық, көркем-эстеткалық, экология-биологиялық, туристік-өлкетану, патриоттық, әлеуметтік-педагогикалықбілім беру іс-әрекеті салаларында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша еңбек етіп келеді.
Бүгінгі таңда Оқушылар «Үміт» сарайында 900-ден аса оқушы білімалуда. Әр дарынды оқушыларға олардың шығармашылық әлеуетін анықтау дамыту үшін «жетістік ортасын» ашу мақсатында 40-тан аса білімді, біліктілігі жоғары қосымша білім беру педагогтары қызмет етуде. Осындай педагогтардың еңбектері еленіп Халқаралық, Республикалық, Облыстық түрлі іс-шараларға қатысып оқушылары жетістікке жетуде.

   

  

Comments are closed.