«Жұлдыз» балалар лагері пайдалануға берілді

«Жұлдыз» балалар жазғы лагерінің асханасы демеушінің көмегімен күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Аудан, облыс көлеміне танымал «Сыпатай батыр» ЖШС төрағасы Қанат Шайхиев асханың жөндеу жұмыстарын өз мойнына алып, барлық қажетті қаражатты төлеп, балалар үшін лагер асханасының жағдайы жақсы болуын қамтамасыз етті.
Орталық алаң сахнасында салтанатты түрде лагердің директоры Арай Тулетбековаға табыстап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.