Есбер Белқожаев еске алынды

Жақында ауданымыздың Құрметті азаматы Белқожаев Есбер Ойшыұлын еске алуға арналған дәстүрлі 6 — рет шахмат турнирі өтті. Оған облысымыздан Байзақ Тұрар Рұсқұлов және біздің Меркі аудандарынан, Қырғызстаннан Қарабалта, Бішкек қалаларынан Талас облысы шахматшылар қатысты.
1,2,3 орындарды бірдей ұпай санымен Назерке Шекербек (Меркі ауданы) Шапағат Қонысбай, Жандос Әдебаев (екеуі де Т.Рысқұлов ауданынан), бөлісті.
Ал оқушылар арасында 1 орынды Ерасыл Маратбек (Қарабалта қ.), 2-орынды Ерасыл Мырзакерім (Меркі ауданы), 3-орынды Даниил Кочерга (Меркі ауданы) жеңіп алды.
Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Шахматшылар атынан Белқожаевтар әулиетіне алғысымызды білдіреміз.