Аутизмді ерте анықтау – жетістікке апарар жол

0
281

Меркі аудандық «Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесінде мектеп және балабақша психологтарына арналған «Балалар аутизмі: түрлері, белгілері және олардың ерекшеліктері тақырыбында семинар өтті.

Семинардың басы осы мекеменің бөлмелерін аралап, жабдықталуымен таныстырумен басталды. Мұнда әр бөлме мамандық иесі мен ондағы айналысатын іс-әрекеттерге байланысты безендіріліпті. Мәселен моториканы дамыту бөлмесі ырғақты сезіну, математикалық, логикалық дағдыны дамыту, саусақ, буындарды, есту, сезуді қалыптастыру құрылғылары, ойыншықтармен қамтылған.
Семинарға психолог мамандары көптеп жиналып, баяндамашылардың теориялық және практикалық тәжірибесін бақылады.
Қазіргі кезде ерте жастағы балалар аутизмі мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі бұл дерт туралы ақпарат аз, бұл аңғарыммен күресіп жүргендер көп.
Елімізде аутизмге шалдыққан балалардың саны 1 мың 500. 2003 жылмен салыстырғанда 20 есеге өскен. Бұл тек ресми дерек. Негізінде олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Аутизм — дүние жүзі бойынша әлі толық зерттелмеген дерт. Сондай-ақ елімізде осы ауруды анықтайтын мамандар тапшы.
Аутизм-неврологиялық даму ақауы. Науқас өзімен-өзі болып, қоршаған ортада шектеліп өмір сүреді. Бұндай балалардың ойлау қабілетінде, қабылдауында, назарында және адамдармен қарым-қатынас жасауында бұзылыстар болады.
Аутизмге шалдыққан балалардың 80% қайталамалы әрекеттер немесе стереотипия кездеседі.
Стереотипия іс –әрекеттерінде және сөйлеу кезінде байқалады. Жиі стереотипия ол бас қозғалысы, иықтың қозғалысы, саусақтарын жұмуы жатады.
Ретта синдромы кезінде стереотипті саусақ бүгуі және қол жұмуы байқалады.
Аутист балаларда спецификалық жүріс болады. Олар көбінесе аяқ ұшымен жүріп, көбелекті ұқсатады, ал кейбіреулері секіріп қозғалады.
Олар қауіптен қорғанбау, бей-берекеттік танытады.Бұндай балалардың жүгірісі қалыпты емес, қолымен сермеп және аяқтарын кең салып жүгіреді. Көзге тіке қарамайды, тек қана бір ойыншықпен ойнайды, бір жерді айналып жүреді, ауырсынуды сезбейді, ойын ойнауға қабілетті емес, аяқтың ұшымен жүреді, құлағын бүркейді.
Семинар барысында» Психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің» мамандары семинарға қатысқан психолог мамандарына аутизмді ерте анықтау жолдарын үйретіп, олардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне мән беру керектігін баяндады.
Орталықтың білікті мамандары педагог-психолог Х.Бошанбекова, логопед мұғалім А.Жаналиева, дефектолог А.Жабықбаева, психолог Бурибаевалар аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс тәсілдерін практикалық түрде көрсетіп, қолданылатын кқрнекі құрал жабдықтарымен таныстырды.
Түзету кабинетінің меңгерушісі Г.Утешова ата-аналар мен мектеп мамандарының аутист балаларды ерте анықтап, арнайы орталыққа жүгінудің маңыздылығына тоқталды. Келелі кездесу сұрақ-жауапқа жалғасып, келген қонақтар семинардан алған ойларымен бөлісті.

Л.Серікбай
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.