Тіл бұзылыстары бар балаларды дамыту

0
36

Түзету кабинетінде әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар оқиды. Дислалия, дизартрия, алалия, ринолалия, тұтығу, әртүрлі деңгейдегі тілдің дамымағаны, дисграфия, дислексия. Балалардың сөйлеу тілін тек дұрыс дем алу, дұрыс естірту, зейіні мен есте сақтауын дамытуға әр түрлі жаттығулар ғана жасап қоймай, түрлі ойындармен де дамытуға болады. Ұсақ саусақ- қол моторикасын және артикуляциялық моториканы дамытуға, ортада өзін ұстауын түзетуге арналған ойындар ойнатылады.

Ойын баланың шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелеріндегі кейіпкерлері сияқты әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы бола алады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар шығармашылық түрі- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Майра Махамбетова,
психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектолог-логопеді

Comments are closed.