Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

0
294

Осыдан тура 32 жыл бұрын — 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Владимир Савва атындағы №9 ЖОББМ-лицейінде Тіл мерекесіне байланысты «Қазақ тілі апталығы» басталды. Іс-шара мектеп директоры Болатбек Тәңірбергенұлының құттықтау сөзімен басталды. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға міндетті. Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
2021 жылы еліміз қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтіп жатыр. Қазақ әліпбиінің алғашқы авторы – Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие. Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен, биылғы мектеп табалдырығын аттаған, бірінші сынып оқушыларына «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынында әліппе оқулығы сыйға тапсырылды. 1-2 тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқитын болады.

А.Алимбекова,
В.Савва атындағы №9 ЖОББМ-лицей кітапханашысы

Comments are closed.