Робот — заман талабы

0
52

Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.Осының дәлелі қазіргі уақытта кез келген білім ордасында робототехника үйірмесі қолданыста. Жастардың инновациялық және жоғары технологиялар саласына қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық «Robobattle» жарысы өткізілді. Жарыс, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Robobattle» роботехника бағыты бойынша облыстық жарыс өткізілді.
Жарысқа №9 Меркі колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Р.Кокушов және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» тобының 2 курс студенттері Т.Рыскулов, Н.Тұрғанбай қатысып, «Робо Қыз Қуу» категориясы бойынша үздік бағдарлама құрастырғаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сүмбілшаш Даулетиярова,
№9 Меркі колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» — 2 мамандығының өндірістік оқыту шебері

Comments are closed.