ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022

0
102

Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп,осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік педагогтері анықталып келуде.
«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжат тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
I кезең – аудандық, қалалық деңгей;
II кезең – облыстық деңгей;
III кезең – республикалық деңгей.
Байқаудың барлық кезеңі – қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған. Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.
Меркі ауданы білім бөлімінде ағымдағы жылдың 26-28 қыркүйек аралығында “Үздік педагог” атағын беру конкурсының аудандық l- кезеңі өткізіліп, байқауға ауданымыздан 13 педагог қатысты.
“Үздік педагог-2022” байқауының аудандық кезеңінің нәтижесі бойынша:
Бас жүлде — Наушабаева Гульбагира Рысбековна №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
І орын — Арыстанбекова Гулнур Бекмахамбетовна
М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
ІІ орын — Селимшаева Наталья Владимировна
№16 жалпы орта білім беретін мектебiнің бастауыш сынып мұғалімі ;
ІІ орын — Калиниченко Григорий Викторович №44 жалпы орта білім беретін мектебiнің информатика және физика пәндерінің мұғалімі;
ІІІ орын — Оразбеков Ербол Акимханович №28 жалпы орта білім беретін мектебiнің денешынықтыру пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын — Бердибаева Шынар Сагидуллаевна А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының физика пәнінің мұғалімі
ІІІ орын- Омарова Гульсын Жарасбаевна №48 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
«Үздік жетістіктер шебері» номинациясымен — Ержігітова Сандуғаш Темерхановна
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі ;
«Үздік балабақша әдіскері» номинациясымен — Абдрасилова Гульзира Алтыбаевна «Бөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері марапатталды.
«Үздік педагог-2022» атағын беру конкурсының аудандық кезеңінде Бас жүлде алған Наушабаева Гульбагира Рысбековна №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі облыстық кезеңге жіберілді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.