ЖИ дәрігерді алмастыруы мүмкін бе?

0
6

Таяуда Қазақстан медицинасы тарихында бұрын болмаған ерекше оқиға орын алды. Еліміздің онкологтары телекөпір арқылы жүргізілген робот- хирург көмегімен ұлтаралық (транснационалдық) хирургиялық ота жасауға қатысты. Бұл шара Франция, Қытай және Қазақстан онкохирургтарының дәстүрлі жылдағы конгресс SRS2025 аясында Францияның Страсбург қаласында шілденің 14-20 күндері өткен басқосуында іске асты. Қазақстандық команда құрамында Алматыдағы Онкология және радиология институтының онкохирургтары болып, робот-хирург көмегімен простатэктомия (қуық безін сылып алып тастау) отасын іске асырды. Тікелей эфир бойынша осындай жоғары технологиялық екі хирургиялық ота жасалды. Сонымен қатар бүйрек ісігіне де оның қызметін бұзбай, сәтті ота жасалды. Отаның басын профессор Випул Патель (Франция/США), ортасына келгенде профессор Сюэсун Ли (Қытай), соңғы финалын біздің онкоорталықтың урология бөлімшесінің жетекшісі Х.Т.Өмірзақов жүргізді. Барлық операция жаңа хирургиялық платформада жүргізіліп, жеңіл хирургиялық жолды қамтамасыз етіп, науқастың тез қысқа мерзімде аяғына тұрып кетуіне мүмкіншілік туғызды. ЖИ басқаратын хирургиялық роботтар жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен операция жасауға мүмкіндік берді. Бұл хирургияның сапасын арттырып, операциядан кейінгі қалпына келу уақытын қысқартуға ықпал етеді. Айтылған оталарды еліміздің онколог-дәрігерлері телемедицина арқылы көріп, алдағы күндері өздері жасауды мақсат етіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы қазір дүниежүзінде ЖИ қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Бұл технология әлемдегі барлық елдің дамуына тікелей әсер етуде. Қазір онсыз жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Озық технологиялар ұлт дербестігінің кепіліне, экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналуда. Біз ЖИ саласында бірқатар жетістікке қол жеткіздік, бірақ босаңсуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл жұмысқа мен ең маңызды басымдықтың бірі ретінде қараймын. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) болжамы бойынша 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының ауқымы 4,8 триллион долларға жетуі мүмкін. Ал оның ғаламдық технологиялық индустриядағы үлесі 7 пайыздан 29 пайызға дейін артады. Бұл, әрине, теңдесі жоқ өсім болмақ. ЖИ дамудың жаңа мүмкіндіктеріне кеңінен жол ашады». Сонымен қатар, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында ЖИ технологиясын пайдаланудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, медицина саласында ауқымды ақпарат жинақталған. ЖИ көмегімен олардың негізінде дұрыс диагноз қоюға, ем-шара тағайындауға және науқастарға мониторинг жүргізуге арналған құралдар дайындауға болады.

– Әлемде дәрігерлерді күнделікті бірсарынды жұмыстан босатып, олардың маңызды клиникалық шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін технологиялар белсенді қолданылады. Қазақстанда да перспективті медициналық стартаптар бар. Алайда бюрократия олардың әлеуетін шектеп отыр. Бір жағынан еліміздегі медициналық ақпарат жүйелерінде біртұтас алгоритм жоқ, әрқайсысы дербес дамып жатыр. Бұл жасанды интеллектінің медицина саласына енгізілуін тежейді. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру ісіндегі жүйесіздік түрлі заңбұзушылықтарға жол беруде. Мысалы, былтыр әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудит жүргізілді. Сол кезде қомақты қаражаттың шығын болғаны анықталды. Цифрлық тәсілдер медицина саласының ашық және тиімді қызмет етуіне ықпал етеді,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның негізгі мақсаты – Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу. Ол үшін нақты іске көшу керек. Әр мәселеге жүйелі түрде қарап, батыл шешімдер қабылдап, оның орындалуын қатаң бақылауға алу қажет болып отыр. Сондықтан ЖИ-ді жедел дамыту және экономикаға енгізу, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуын бақылау мақсатында Премьер-министрдің өкімімен цифрлық трансформация жөніндегі топ (цифрлық штаб) құрылды. Байқап отырсаңыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде ЖИ дамуына әркез қолдау білдіріп, оны білім, медицина, өнеркәсіп және мемлекеттік басқару сияқты әртүрлі салада белсенді пайдалануға шақырды. Президент ЖИ дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады деп санайды. Ол жайлы ел басшысы сәл бұрынырақ өткен Digital Bridge форумында да айтқан болатын.

Иә, ЖИ ғылымның жаңа бір саласы ретінде ХХ ғасырдың ортасынан дами бастады. ЖИ – адамның ойлау және шешім қабылдау процестерін имитациялайтын технологиялық құралдар мен жүйелердің жиынтығы. Оның қарыштап ілгерілегені соншалық, қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Рас, басында бұл бағдарламалық жүйе адамның еңбегін алмастыратын көмекші құрал ретінде пайдаланылды. Ал қазір адамдардан да асып түсіп, оның ақыл-ойы жете бермейтін жағдайларда көмекке келетін болды.

ЖИ-дің қазіргі медицина саласына қосып отырған үлесі аз емес. Бүгінде технология бұрын-соңды болмаған жоғары қарқынмен дамып келеді. Соның арқасында медицина саласы таңғажайып жетістіктерге қол жеткізіп, қаншама адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Шетелдің медицина саласында жасанды интеллект арқылы адам өмірін сақтап қалуға болатыны дәлелденген. Яғни, дұрыс диагноз қою – жасанды интеллекттің қолынан келетін іс. Алайда кейбір технологияларды игеру дәрігерлер үшін де, науқастар үшін де қиынға соғады. Сондықтан оларды денсаулық сақтау саласына сәтті енгізу қиындық тудыра бастады.

«Соның бір мысалы – электрондық медициналық карталар. Ол талай дәрігердің зығырданын қайнатқаны рас. Бұл карталар науқас жайлы мәліметті сақтауға және бақылап отыруға арналған. Алайда дәрігер науқасты қабылдау кезіндегі уақытының біраз бөлігін осы картаны толтыруға жұмсайды. Өйткені негізгі мәліметтерді енгізудің өзі ұзаққа созылып кетуі мүмкін», – дейді «Northwell Health» желісінің президенті Майкл Доулинг. Бұл сөздер оның «Денсаулық сақтау саласындағы қайта жүктеу» атты кітабында айтылған.

Дәрігерлердің айтуынша, жұмыс күнінің бақандай 6 сағаты дәл осы электрондық медициналық карталарға клиникалық деректерді енгізуге кетеді. Соның салдарынан олар науқастарға бөлетін алтын уақытын жоғалтады. Негізі дәрігердің қабылдауы шамамен 18 минутқа созылады. Соның көп бөлігі мәліметтерді тіркеуге кетеді екен.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электрондық медициналық карталардың кеңінен қолданылуына кедергі болып отырған тағы бір мәселе бар. Бұл – деректердің құпиялығы, яғни қауіпсіздік мәселесі.

Ұнасын — ұнамасын, бірақ технологиялар дәрігер мен науқастың қарым-қатынасына өз ықпалын тигізеді. «Scripps Research» мекемесінің атқарушы вице-президенті Эрик Топольдың айтуынша, ең алдымен жасанды интеллектті дұрыс бейімдеуіміз керек. Сонда бұл технологияның медицинаға тигізер пайдасы зор болмақ.

Жақында Қытайдың Хэньян қаласында науқастарға нақты диагноз қоя алатын жасанды интеллект жұртшылыққа таныстырылды. Әлгі бағдарламалық жүйе 4-8 секундтың ішінде 100 клиникалық жағдайды сараптап, әрқайсысына жеке диагноз қойып шыққан. Сонда ақылды технология екеуінде ғана қателік жіберіпті. Қалғанында дәрігердің қойған диагнозымен бірдей қорытынды шығарған.

Қытайда арнайы қан алу мақсатында жасалған «MagicNurse» атты робот пайда болды. Ол адамның қолындағы тамырды өзі тауып, қан алады. Оған жасанды интеллект пен тамырды анық көрсететін арнайы құрылғы орнатылған. Соның арқасында робот еш қателеспейді. 6 000 адамға сынақ жасалғанда, роботтың ә дегеннен тамырды дәл табу көрсеткіші 94,3 пайыз болған. Қазір оны ресми түрде медицинаға енгізуге рұқсат берілді және Қытайдағы ірі ауруханаларда қолданылады.

Жапон дәрігерлері онкологиялық сырқатқа шалдыққан бір науқасты екі жыл қатарынан емдеп жаза алмаған. Қолданған емдері шипа болмай, амалдары құрыған мамандар әлгі пациент туралы мәліметті Сингапур арқылы ЖИ-дің «бақылауына» жібереді. Бағдарламаның «ақылымен» әлгі науқасты емдеудің тәсілдерін өзгертіп көрген екен, шынымен де оның жағдайы жақсарып, беті бері қарай бастапты.

Медицинада жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары:

1. ЖИ медициналық деректерге, бейнелеуге және талдауларға негізделген ауруларды жылдам және дәл диагностикалауға көмектесе алады.

2. ЖИ жүйелері үлкен көлемдегі деректердегі үлгілер мен байланыстарды анықтай алады, бұл ауруларды диагностикалау мен болжаудың дәлдігін жақсартады.

3. ЖИ ең тиімді емдеу әдістерін таңдауға және жеке емделуші үшін рецепттерді оңтайландыруға көмектеседі.

4. Медициналық оқытуды жетілдіру үшін ЖИ жүйелерін медициналық студенттер мен мамандарды оқыту, симуляциялар мен оқу бағдарламаларын жасау үшін пайдалануға болады.

5. Жасанды интеллектті қолдану арқылы жаңа заңдылықтар мен тенденцияларды анықтау үшін денсаулық сақтау саласындағы көптеген деректерді талдауға болады.

6. Әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру және медициналық персоналдың жұмыс процесін оңтайландыру.

7. ЖИ көмегімен медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын жақсартады.

8. ЖИ жүйелері өзгерістерді анықтау және ықтимал мәселелер туралы ескерту арқылы пациенттердің жағдайын нақты уақытта бақылай алады.

ЖИ медицинада қолдануды Қазақстан да қолға ала бастады. Денсаулық сақтау министрлігі «IBМ» компаниясымен бірлесе отырып ЖИ-ді алдымен онкология саласында сынап көрмекші. Мұндай жоба Америка, Англия, Германия секілді әлемнің 15 елінде енгізіліп жатыр екен. Бұл жүйенің тиімділігі сол, науқастың ауру тарихын, қазіргі жалпы жағдайын, сараптамалар қорытындыларын бағдарламаға енгізсе болды, жасанды интеллект сол сәтте әлгі адамға қандай емдеу жолы тиімді екенін бірнеше секундтың ішінде сараптап айтып береді. Бірақ онымен келісу, келіспеу – дәрігердің еркінде. Интеллектуалдық компьютерлік бағдарлама науқас туралы мәліметтерді бірнеше секундта өңдеп береді. Әрі ғаламтордағы сол ауруды емдеу тәсілдері жөніндегі соңғы зерттеулерді, ғылыми дәлелденген мақалаларды автоматты түрде талдап, соның негізінде ауруды емдеудің жолын нұсқайтын болады.

ЖИ медицинаның ауыр, күрделі салалары нейрохирургия, хирургия, травматология, урология және басқа да салаларына енгізілуде. Мысалы, Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында 200-ден астам пациенттің бас миына «гамма-пышақ» көмегімен ота жасалып, жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Таяуда Онкология және радиология институтында ЖИ-дің көмегімен Қытай, Франция және Қазақстан онкоурологтар тобы бүйрекке күрделі ота жасады. «Робот-хирург» көмегімен оталар жасалуда. Басқа салаларда да жетістіктер аз емес.

Денсаулық сақтау министрлігі біраз жылдан бері медициналық қызметке жүгінген Қазақстан азаматтарының сырқат тарихын, қандай науқаспен жиі қаралатыны, нендей дәрі-дәрмектер қолданғаны туралы мәліметтерді жинақтап отыр. Осы ақпараттарды бір жүйеге келтіріп, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың пациенттер туралы жеке дерек қорын біріктіріп, бірыңғай деректер базасын құру қолға алынып жатыр. Бұл жұмыс сәтті жүзеге асса, «200 Электронды үкімет» порталында «электронды денсаулық паспорты» деген бөлек тармақ пайда болып, ол барлық азаматқа қолжетімді болмақ. Электронды қолтаңбасы бар азаматтар жеке кабинетіне кіріп, өздерінің денсаулық төлқұжатын ашып көре алады. Ал мамандар болса осы құжаттағы мәліметтерді ЖИ бағдарламасына енгізіп, пациенттердің денсаулығы туралы мағлұматтарды сұрыптамақ. Бағдарлама азаматтардың жалпы жағдайына талдау жасай келе, болашақта кімнің қандай аурумен ауыруы мүмкін екенін анықтап береді. ЖИ денсаулығына қауіп төніп тұрған адамдарды бөлек, жақын болашақта ауырмайтын, денсаулығы темірдей азаматтарды бөлек топтастырмақ. Келешекте ауруға душар ететін сыртқы факторлар да есепке алынып, азаматтардың тұрғылықты жерінің ауа райы, экологиясы денсаулыққа қаншалықты әсер етіп жатқаны да анықталуы мүмкін.

Адамдардан айырмашылығы, ЖИ ешқашан ұйқыны қажет етпейді. Машиналық оқыту үлгілері ауыр медициналық көмек алатын пациенттердің өмірлік маңызды белгілерін бақылау және белгілі бір қауіп факторлары артқан жағдайда дәрігерлерді ескерту үшін пайдаланылуы мүмкін. Жүрек мониторлары сияқты медициналық құрылғылар өмірлік маңызды белгілерді бақылай алады, ал ЖИ осы құрылғылардан деректерді жинап, сепсис сияқты күрделі жағдайларды анықтайды. Мәселен, бір зерттеуші ғалым IBM бағдарламасы көмегімен шала туылған нәрестелерді болжау үшін ЖИ үлгісін әзірледі, ол ауыр сепсисті анықтауда 75 пайыз дәлдік танытты.

Клиникалық сынақтар кезінде пациенттің нәтижелеріне медициналық кодтарды тағайындауға және оған байланысты деректер жиынын жаңартуға көп уақыт жұмсалады. ЖИ медициналық кодтарды жылдамырақ, ақылдырақ іздеуді қосу арқылы бұл процесті жылдамдатуға көмектеседі. Жақында екі IBM Watson Health тұтынушысы ЖИ көмегімен медициналық кодты іздеуді 70 пайыздан астам азайта алатынын анықтады. Медициналық ЖИ дәрігерлердің жұмыс үрдісінде емдеу шешімдерін қабылдау кезінде құнды контекстпен қамтамасыз ете алады. Үйретілген машиналық оқыту алгоритмі дәрігерлерге емделуші әлі бөлмеде болған кезде емдеу және ем-шаралар туралы дәлелді ақпарат пен құнды іздеу нәтижелерін беру арқылы зерттеу уақытын қысқартуға көмектеседі.

Жаңа дәрі-дәрмектің ойлап табылуы көбінесе ең ұзақ және ең қымбат кезеңдердің бірі болып табылады. Жасанды интеллект жаңа препараттарды әзірлеу құнын екі жолмен азайтуға көмектеседі: тиімдірек дәрілік конструкцияларды жасау және келешегі зор жаңа дәрілік комбинацияларды табуда ұтымды екенін көрсетті.

Әрине медицинаны ЖИ «қолына» толықтай беру зор әбестік болар еді. «Ауруға шалдыққан науқас үшін ең бастысы – адам көңілі. Оларға жаны ашитын, қалай қиналып жүргенін түсінетін дәрігер қажет. Дүниеде сырқаттан жаман нәрсе жоқ, мұндай сәтте адам өзін жалғыз сезінеді. Ал оны уайымдайтын дәрігер болмаса, жағдай тіпті нашар. Сол себепті, денсаулық сақтау саласында ең алдымен адамгершілікке көңіл бөлуіміз қажет», – дейді Эрик Тополь «Big Think» сайтына берген сұхбатында. Майкл Доулингтің де пікірі осыған саяды. Ол «Big Think» сайтына берген сұхбатында: «Жасанды интеллект қазір жан-жақты дамып келеді. Десе де, науқастарға ең алдымен технология емес, дәрігерлердің, яғни адамдардың көмек көрсететінін ұмытпаған жөн», – дейді.

БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері жөніндегі департаментінің аймақаралық кеңесшісі Ричард Керби «Денсаулық сақтауды цифрландырудың шексіз мүмкіндіктері» атты баяндамасында: «ЖИ денсаулық сақтау саласында маңызы өте зор болғанымен, дәрігерді алмастыра алмайды. Жасанды жадының денсаулық сақтау саласына дендеп енуінен, дәрігерлер жұмыссыз қалмайды. Жасанды интеллект тек көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Жасанды интеллекке мен төрт қырынан қараймын. Біріншіден, ЖИ – денсаулық сақтау саласының трансформациясы кезінде емделушілерге, дәрігерлерге және ауруханаларға қатысты мәліметтер жинап, сақтауға жәрдемдесетін жүйе. Жүйені пайдалана бастағаннан кейін уақыт өте келе, емханаңыздың жақсы дами бастағанын байқайсыз. Ал кереғар пікір тудыратын мәселе – ЖИ диагностика жасаудағы атқаратын рөлі. Әсіресе, науқас адамды емдеуде ЖИ қандай шешім қабылдайды? Көптеген дәрігерлерді осы сұрақ мазалауда. Мысалы, тәжірибесі аз жас дәрігер ЖИ шешіміне көбірек сүйенуі мүмкін. Ал егер науқас қоңырау шалса не істейді? Өзі шешім қабылдай ма, әлде роботтан ақыл сұрайды ма? Міне бұл нағыз – сын сағаты. Бір дәрігер «қара жәшіктің» деректерін дұрыс санаса, енді бірі сенімсіздікпен қарайды», – дейді ол.

Қандай жағдайда да адамның рөлін төмендетуге, жоққа шығаруға болмайды. Адам әрқашан адам болып қала бермек. ЖИ адамдарды алмастырмайды, бірақ ЖИ қолданатын адамдар мұны білмейтін, жасай алмайтын адамдарды алмастырады. Онысы да рас, ЖИ технологияларын күнделікті өмірге енгізу адамдардың стилі мен өмір сүру деңгейін үлкен өзгерістерге әкелетіні сөзсіз. ЖИ медицина саласына жыл өткен сайын батыл ене беретініне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан қазіргі заман сұранысына сай, көштен қалмай, әр маман сауатты, білімді болып, қабілетін жетілдіріп, жаңа нанатехнологияны меңгергені жөн. Ол – уақыт талабы.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

медицина ғылымдарының

докторы, профессор.

Тараз қаласыТаяуда Қазақстан медицинасы тарихында бұрын болмаған ерекше оқиға орын алды. Еліміздің онкологтары телекөпір арқылы жүргізілген робот- хирург көмегімен ұлтаралық (транснационалдық) хирургиялық ота жасауға қатысты. Бұл шара Франция, Қытай және Қазақстан онкохирургтарының дәстүрлі жылдағы конгресс SRS2025 аясында Францияның Страсбург қаласында шілденің 14-20 күндері өткен басқосуында іске асты. Қазақстандық команда құрамында Алматыдағы Онкология және радиология институтының онкохирургтары болып, робот-хирург көмегімен простатэктомия (қуық безін сылып алып тастау) отасын іске асырды. Тікелей эфир бойынша осындай жоғары технологиялық екі хирургиялық ота жасалды. Сонымен қатар бүйрек ісігіне де оның қызметін бұзбай, сәтті ота жасалды. Отаның басын профессор Випул Патель (Франция/США), ортасына келгенде профессор Сюэсун Ли (Қытай), соңғы финалын біздің онкоорталықтың урология бөлімшесінің жетекшісі Х.Т.Өмірзақов жүргізді. Барлық операция жаңа хирургиялық платформада жүргізіліп, жеңіл хирургиялық жолды қамтамасыз етіп, науқастың тез қысқа мерзімде аяғына тұрып кетуіне мүмкіншілік туғызды. ЖИ басқаратын хирургиялық роботтар жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен операция жасауға мүмкіндік берді. Бұл хирургияның сапасын арттырып, операциядан кейінгі қалпына келу уақытын қысқартуға ықпал етеді. Айтылған оталарды еліміздің онколог-дәрігерлері телемедицина арқылы көріп, алдағы күндері өздері жасауды мақсат етіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы қазір дүниежүзінде ЖИ қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Бұл технология әлемдегі барлық елдің дамуына тікелей әсер етуде. Қазір онсыз жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Озық технологиялар ұлт дербестігінің кепіліне, экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналуда. Біз ЖИ саласында бірқатар жетістікке қол жеткіздік, бірақ босаңсуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл жұмысқа мен ең маңызды басымдықтың бірі ретінде қараймын. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) болжамы бойынша 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының ауқымы 4,8 триллион долларға жетуі мүмкін. Ал оның ғаламдық технологиялық индустриядағы үлесі 7 пайыздан 29 пайызға дейін артады. Бұл, әрине, теңдесі жоқ өсім болмақ. ЖИ дамудың жаңа мүмкіндіктеріне кеңінен жол ашады». Сонымен қатар, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында ЖИ технологиясын пайдаланудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, медицина саласында ауқымды ақпарат жинақталған. ЖИ көмегімен олардың негізінде дұрыс диагноз қоюға, ем-шара тағайындауға және науқастарға мониторинг жүргізуге арналған құралдар дайындауға болады.

– Әлемде дәрігерлерді күнделікті бірсарынды жұмыстан босатып, олардың маңызды клиникалық шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін технологиялар белсенді қолданылады. Қазақстанда да перспективті медициналық стартаптар бар. Алайда бюрократия олардың әлеуетін шектеп отыр. Бір жағынан еліміздегі медициналық ақпарат жүйелерінде біртұтас алгоритм жоқ, әрқайсысы дербес дамып жатыр. Бұл жасанды интеллектінің медицина саласына енгізілуін тежейді. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру ісіндегі жүйесіздік түрлі заңбұзушылықтарға жол беруде. Мысалы, былтыр әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудит жүргізілді. Сол кезде қомақты қаражаттың шығын болғаны анықталды. Цифрлық тәсілдер медицина саласының ашық және тиімді қызмет етуіне ықпал етеді,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның негізгі мақсаты – Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу. Ол үшін нақты іске көшу керек. Әр мәселеге жүйелі түрде қарап, батыл шешімдер қабылдап, оның орындалуын қатаң бақылауға алу қажет болып отыр. Сондықтан ЖИ-ді жедел дамыту және экономикаға енгізу, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуын бақылау мақсатында Премьер-министрдің өкімімен цифрлық трансформация жөніндегі топ (цифрлық штаб) құрылды. Байқап отырсаңыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде ЖИ дамуына әркез қолдау білдіріп, оны білім, медицина, өнеркәсіп және мемлекеттік басқару сияқты әртүрлі салада белсенді пайдалануға шақырды. Президент ЖИ дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады деп санайды. Ол жайлы ел басшысы сәл бұрынырақ өткен Digital Bridge форумында да айтқан болатын.

Иә, ЖИ ғылымның жаңа бір саласы ретінде ХХ ғасырдың ортасынан дами бастады. ЖИ – адамның ойлау және шешім қабылдау процестерін имитациялайтын технологиялық құралдар мен жүйелердің жиынтығы. Оның қарыштап ілгерілегені соншалық, қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Рас, басында бұл бағдарламалық жүйе адамның еңбегін алмастыратын көмекші құрал ретінде пайдаланылды. Ал қазір адамдардан да асып түсіп, оның ақыл-ойы жете бермейтін жағдайларда көмекке келетін болды.

ЖИ-дің қазіргі медицина саласына қосып отырған үлесі аз емес. Бүгінде технология бұрын-соңды болмаған жоғары қарқынмен дамып келеді. Соның арқасында медицина саласы таңғажайып жетістіктерге қол жеткізіп, қаншама адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Шетелдің медицина саласында жасанды интеллект арқылы адам өмірін сақтап қалуға болатыны дәлелденген. Яғни, дұрыс диагноз қою – жасанды интеллекттің қолынан келетін іс. Алайда кейбір технологияларды игеру дәрігерлер үшін де, науқастар үшін де қиынға соғады. Сондықтан оларды денсаулық сақтау саласына сәтті енгізу қиындық тудыра бастады.

«Соның бір мысалы – электрондық медициналық карталар. Ол талай дәрігердің зығырданын қайнатқаны рас. Бұл карталар науқас жайлы мәліметті сақтауға және бақылап отыруға арналған. Алайда дәрігер науқасты қабылдау кезіндегі уақытының біраз бөлігін осы картаны толтыруға жұмсайды. Өйткені негізгі мәліметтерді енгізудің өзі ұзаққа созылып кетуі мүмкін», – дейді «Northwell Health» желісінің президенті Майкл Доулинг. Бұл сөздер оның «Денсаулық сақтау саласындағы қайта жүктеу» атты кітабында айтылған.

Дәрігерлердің айтуынша, жұмыс күнінің бақандай 6 сағаты дәл осы электрондық медициналық карталарға клиникалық деректерді енгізуге кетеді. Соның салдарынан олар науқастарға бөлетін алтын уақытын жоғалтады. Негізі дәрігердің қабылдауы шамамен 18 минутқа созылады. Соның көп бөлігі мәліметтерді тіркеуге кетеді екен.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электрондық медициналық карталардың кеңінен қолданылуына кедергі болып отырған тағы бір мәселе бар. Бұл – деректердің құпиялығы, яғни қауіпсіздік мәселесі.

Ұнасын — ұнамасын, бірақ технологиялар дәрігер мен науқастың қарым-қатынасына өз ықпалын тигізеді. «Scripps Research» мекемесінің атқарушы вице-президенті Эрик Топольдың айтуынша, ең алдымен жасанды интеллектті дұрыс бейімдеуіміз керек. Сонда бұл технологияның медицинаға тигізер пайдасы зор болмақ.

Жақында Қытайдың Хэньян қаласында науқастарға нақты диагноз қоя алатын жасанды интеллект жұртшылыққа таныстырылды. Әлгі бағдарламалық жүйе 4-8 секундтың ішінде 100 клиникалық жағдайды сараптап, әрқайсысына жеке диагноз қойып шыққан. Сонда ақылды технология екеуінде ғана қателік жіберіпті. Қалғанында дәрігердің қойған диагнозымен бірдей қорытынды шығарған.

Қытайда арнайы қан алу мақсатында жасалған «MagicNurse» атты робот пайда болды. Ол адамның қолындағы тамырды өзі тауып, қан алады. Оған жасанды интеллект пен тамырды анық көрсететін арнайы құрылғы орнатылған. Соның арқасында робот еш қателеспейді. 6 000 адамға сынақ жасалғанда, роботтың ә дегеннен тамырды дәл табу көрсеткіші 94,3 пайыз болған. Қазір оны ресми түрде медицинаға енгізуге рұқсат берілді және Қытайдағы ірі ауруханаларда қолданылады.

Жапон дәрігерлері онкологиялық сырқатқа шалдыққан бір науқасты екі жыл қатарынан емдеп жаза алмаған. Қолданған емдері шипа болмай, амалдары құрыған мамандар әлгі пациент туралы мәліметті Сингапур арқылы ЖИ-дің «бақылауына» жібереді. Бағдарламаның «ақылымен» әлгі науқасты емдеудің тәсілдерін өзгертіп көрген екен, шынымен де оның жағдайы жақсарып, беті бері қарай бастапты.

Медицинада жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары:

1. ЖИ медициналық деректерге, бейнелеуге және талдауларға негізделген ауруларды жылдам және дәл диагностикалауға көмектесе алады.

2. ЖИ жүйелері үлкен көлемдегі деректердегі үлгілер мен байланыстарды анықтай алады, бұл ауруларды диагностикалау мен болжаудың дәлдігін жақсартады.

3. ЖИ ең тиімді емдеу әдістерін таңдауға және жеке емделуші үшін рецепттерді оңтайландыруға көмектеседі.

4. Медициналық оқытуды жетілдіру үшін ЖИ жүйелерін медициналық студенттер мен мамандарды оқыту, симуляциялар мен оқу бағдарламаларын жасау үшін пайдалануға болады.

5. Жасанды интеллектті қолдану арқылы жаңа заңдылықтар мен тенденцияларды анықтау үшін денсаулық сақтау саласындағы көптеген деректерді талдауға болады.

6. Әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру және медициналық персоналдың жұмыс процесін оңтайландыру.

7. ЖИ көмегімен медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын жақсартады.

8. ЖИ жүйелері өзгерістерді анықтау және ықтимал мәселелер туралы ескерту арқылы пациенттердің жағдайын нақты уақытта бақылай алады.

ЖИ медицинада қолдануды Қазақстан да қолға ала бастады. Денсаулық сақтау министрлігі «IBМ» компаниясымен бірлесе отырып ЖИ-ді алдымен онкология саласында сынап көрмекші. Мұндай жоба Америка, Англия, Германия секілді әлемнің 15 елінде енгізіліп жатыр екен. Бұл жүйенің тиімділігі сол, науқастың ауру тарихын, қазіргі жалпы жағдайын, сараптамалар қорытындыларын бағдарламаға енгізсе болды, жасанды интеллект сол сәтте әлгі адамға қандай емдеу жолы тиімді екенін бірнеше секундтың ішінде сараптап айтып береді. Бірақ онымен келісу, келіспеу – дәрігердің еркінде. Интеллектуалдық компьютерлік бағдарлама науқас туралы мәліметтерді бірнеше секундта өңдеп береді. Әрі ғаламтордағы сол ауруды емдеу тәсілдері жөніндегі соңғы зерттеулерді, ғылыми дәлелденген мақалаларды автоматты түрде талдап, соның негізінде ауруды емдеудің жолын нұсқайтын болады.

ЖИ медицинаның ауыр, күрделі салалары нейрохирургия, хирургия, травматология, урология және басқа да салаларына енгізілуде. Мысалы, Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында 200-ден астам пациенттің бас миына «гамма-пышақ» көмегімен ота жасалып, жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Таяуда Онкология және радиология институтында ЖИ-дің көмегімен Қытай, Франция және Қазақстан онкоурологтар тобы бүйрекке күрделі ота жасады. «Робот-хирург» көмегімен оталар жасалуда. Басқа салаларда да жетістіктер аз емес.

Денсаулық сақтау министрлігі біраз жылдан бері медициналық қызметке жүгінген Қазақстан азаматтарының сырқат тарихын, қандай науқаспен жиі қаралатыны, нендей дәрі-дәрмектер қолданғаны туралы мәліметтерді жинақтап отыр. Осы ақпараттарды бір жүйеге келтіріп, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың пациенттер туралы жеке дерек қорын біріктіріп, бірыңғай деректер базасын құру қолға алынып жатыр. Бұл жұмыс сәтті жүзеге асса, «200 Электронды үкімет» порталында «электронды денсаулық паспорты» деген бөлек тармақ пайда болып, ол барлық азаматқа қолжетімді болмақ. Электронды қолтаңбасы бар азаматтар жеке кабинетіне кіріп, өздерінің денсаулық төлқұжатын ашып көре алады. Ал мамандар болса осы құжаттағы мәліметтерді ЖИ бағдарламасына енгізіп, пациенттердің денсаулығы туралы мағлұматтарды сұрыптамақ. Бағдарлама азаматтардың жалпы жағдайына талдау жасай келе, болашақта кімнің қандай аурумен ауыруы мүмкін екенін анықтап береді. ЖИ денсаулығына қауіп төніп тұрған адамдарды бөлек, жақын болашақта ауырмайтын, денсаулығы темірдей азаматтарды бөлек топтастырмақ. Келешекте ауруға душар ететін сыртқы факторлар да есепке алынып, азаматтардың тұрғылықты жерінің ауа райы, экологиясы денсаулыққа қаншалықты әсер етіп жатқаны да анықталуы мүмкін.

Адамдардан айырмашылығы, ЖИ ешқашан ұйқыны қажет етпейді. Машиналық оқыту үлгілері ауыр медициналық көмек алатын пациенттердің өмірлік маңызды белгілерін бақылау және белгілі бір қауіп факторлары артқан жағдайда дәрігерлерді ескерту үшін пайдаланылуы мүмкін. Жүрек мониторлары сияқты медициналық құрылғылар өмірлік маңызды белгілерді бақылай алады, ал ЖИ осы құрылғылардан деректерді жинап, сепсис сияқты күрделі жағдайларды анықтайды. Мәселен, бір зерттеуші ғалым IBM бағдарламасы көмегімен шала туылған нәрестелерді болжау үшін ЖИ үлгісін әзірледі, ол ауыр сепсисті анықтауда 75 пайыз дәлдік танытты.

Клиникалық сынақтар кезінде пациенттің нәтижелеріне медициналық кодтарды тағайындауға және оған байланысты деректер жиынын жаңартуға көп уақыт жұмсалады. ЖИ медициналық кодтарды жылдамырақ, ақылдырақ іздеуді қосу арқылы бұл процесті жылдамдатуға көмектеседі. Жақында екі IBM Watson Health тұтынушысы ЖИ көмегімен медициналық кодты іздеуді 70 пайыздан астам азайта алатынын анықтады. Медициналық ЖИ дәрігерлердің жұмыс үрдісінде емдеу шешімдерін қабылдау кезінде құнды контекстпен қамтамасыз ете алады. Үйретілген машиналық оқыту алгоритмі дәрігерлерге емделуші әлі бөлмеде болған кезде емдеу және ем-шаралар туралы дәлелді ақпарат пен құнды іздеу нәтижелерін беру арқылы зерттеу уақытын қысқартуға көмектеседі.

Жаңа дәрі-дәрмектің ойлап табылуы көбінесе ең ұзақ және ең қымбат кезеңдердің бірі болып табылады. Жасанды интеллект жаңа препараттарды әзірлеу құнын екі жолмен азайтуға көмектеседі: тиімдірек дәрілік конструкцияларды жасау және келешегі зор жаңа дәрілік комбинацияларды табуда ұтымды екенін көрсетті.

Әрине медицинаны ЖИ «қолына» толықтай беру зор әбестік болар еді. «Ауруға шалдыққан науқас үшін ең бастысы – адам көңілі. Оларға жаны ашитын, қалай қиналып жүргенін түсінетін дәрігер қажет. Дүниеде сырқаттан жаман нәрсе жоқ, мұндай сәтте адам өзін жалғыз сезінеді. Ал оны уайымдайтын дәрігер болмаса, жағдай тіпті нашар. Сол себепті, денсаулық сақтау саласында ең алдымен адамгершілікке көңіл бөлуіміз қажет», – дейді Эрик Тополь «Big Think» сайтына берген сұхбатында. Майкл Доулингтің де пікірі осыған саяды. Ол «Big Think» сайтына берген сұхбатында: «Жасанды интеллект қазір жан-жақты дамып келеді. Десе де, науқастарға ең алдымен технология емес, дәрігерлердің, яғни адамдардың көмек көрсететінін ұмытпаған жөн», – дейді.

БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері жөніндегі департаментінің аймақаралық кеңесшісі Ричард Керби «Денсаулық сақтауды цифрландырудың шексіз мүмкіндіктері» атты баяндамасында: «ЖИ денсаулық сақтау саласында маңызы өте зор болғанымен, дәрігерді алмастыра алмайды. Жасанды жадының денсаулық сақтау саласына дендеп енуінен, дәрігерлер жұмыссыз қалмайды. Жасанды интеллект тек көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Жасанды интеллекке мен төрт қырынан қараймын. Біріншіден, ЖИ – денсаулық сақтау саласының трансформациясы кезінде емделушілерге, дәрігерлерге және ауруханаларға қатысты мәліметтер жинап, сақтауға жәрдемдесетін жүйе. Жүйені пайдалана бастағаннан кейін уақыт өте келе, емханаңыздың жақсы дами бастағанын байқайсыз. Ал кереғар пікір тудыратын мәселе – ЖИ диагностика жасаудағы атқаратын рөлі. Әсіресе, науқас адамды емдеуде ЖИ қандай шешім қабылдайды? Көптеген дәрігерлерді осы сұрақ мазалауда. Мысалы, тәжірибесі аз жас дәрігер ЖИ шешіміне көбірек сүйенуі мүмкін. Ал егер науқас қоңырау шалса не істейді? Өзі шешім қабылдай ма, әлде роботтан ақыл сұрайды ма? Міне бұл нағыз – сын сағаты. Бір дәрігер «қара жәшіктің» деректерін дұрыс санаса, енді бірі сенімсіздікпен қарайды», – дейді ол.

Қандай жағдайда да адамның рөлін төмендетуге, жоққа шығаруға болмайды. Адам әрқашан адам болып қала бермек. ЖИ адамдарды алмастырмайды, бірақ ЖИ қолданатын адамдар мұны білмейтін, жасай алмайтын адамдарды алмастырады. Онысы да рас, ЖИ технологияларын күнделікті өмірге енгізу адамдардың стилі мен өмір сүру деңгейін үлкен өзгерістерге әкелетіні сөзсіз. ЖИ медицина саласына жыл өткен сайын батыл ене беретініне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан қазіргі заман сұранысына сай, көштен қалмай, әр маман сауатты, білімді болып, қабілетін жетілдіріп, жаңа нанатехнологияны меңгергені жөн. Ол – уақыт талабы.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

медицина ғылымдарының

докторы, профессор.

Тараз қаласы

Comments are closed.