«Әдебиеттің талантты тұлғалары» атты әдеби кеш өтті
Биыл қазақ әдебиетіндегі орны ерекше жазушылардың мерейтойлары Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында аталып өтті.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор қазақтың біртуар классик жазушысы М.О.Әуезовтың-125 жыл толуына, дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Т.Айбергеновтың-85 жылдығына, саналы ғұмырын балалар әдебиетіне арнап, жарты ғасырдан астам уақыт бойы талмай еңбектеніп, өмірінің соңына дейін қалам құрғатпай балалар әдебиеті жанрын байытқан Е. Елубаевтың – 80 жыл толуына арнап бірқатар іс-шаралар өткіздік.
Іс-шараның мақсаты – қаламгерлер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және М.Әуезовтың, Т.Айбергеновтың «2022-Балалар» жылына орай балалар жазушысы.
Е.Елубаевтың өмір жолдары мен шығармашылықтарын, ғасырларға сын бермес мұраларын оқырмандарға насихаттау.
М.Әуезовтың, Т.Айбергеновтың, Е.Елубаевтың өмірбаяндары, шығармаларымен таныстырылды. Кітапханшылар Н.Жазыкова кітап көрмесмен, Т.Керімқұлова кітап аукционымен және Ш.Аділбекова тақырыптық сөремен таныстырып өтті. Іс шара барысында «Үміт» сарайының талантты суретші оқушылары Дүйсебекова Нұрсая мен Тоқтарбек Арсен өздері оқыған М. Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасы мен «Еңілік-Кебек» пъесасынан, естерінде қалған қызықты сәттерін қағаз бетіне сурет салу арқылы көрермендерге ұсынды. Міне кітапханамызда осындай кітапты сүйіп оқитын, дарынды оқырмандарымыздың барына қуанамыз.
Т.Айбергеновтың өлендерін Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары мәнерлеп оқып берді. Мәдениет үйінің әнші қыздары М.Оспаналиева мен Г.Нұрлыбаева Т.Айбергеновтың сөзіне жазылған «Атамекен» әнін нақышына келтіре орындады.
Е.Елубаевтың шығармалары таныстырылды.
Е.Елубаевтың балаларға арнап жазған өлеңдерін, жұмбақтарын, жаңылпаштарын
№18 Ақкөз Қосанов атындағы ЖББМ 3-сынып оқушылары мәнерлеп оқып берді.
Кеш соңында Меркі аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Суюмкулова Жанат Батырбекқызына, әдіскер Шакарова Нағима, библиографы Оразбаева Ғалия Оңланбайқызына және аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Аимбекова Динара Елеукенқызына сөз кезегі берілді. Іс-шараға ат салысып қатысқан оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттап, алғыстарын білдірді.
Кітапханашылардың жұмысы оқырмандарымен бағаланады. Кітапты сүйіп оқитын оқырмандарымыз көп болғай.
Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.
Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы